- Негізгі бет
- Көзайым
- Астанаға ажар қосқан...
Астанаға ажар қосқан 10 мурал
Бүгінде стрит-арт – көше бұзақыларының шимай-шатпағы емес, заманауи сурет өнерінің бір бөлігіне айналды. Ал муралдар қала ажарына көрік қоспаса, оны бұзбасы анық. Бұған стрит-арттың астанасы саналатын Лондон, Берлин, Лиссабон сияқты әлем шаһарлары мысал бола алады. 20 жылдық мерейтой қарсаңында Астанада да көше суретшілерінің түрлі фестивальдері ұйымдастырылып, елорда әрлене түсті. Стрит-арт өкілдерінің Астанаға ажар қосқан муралдарын назарларыңызға ұсынамыз.
"Astana Street Art" фестивалі аясында салынған муралдар
1. Ықылас
Орналасқан жері: Кенесары көшесі, 63 үй
(сурет: instagram.com/kulanshi)
«Tigrohaudcrew» командасы мен қазақстандық суретші Нұрлан Килибаевтың коллаборациясының нәтижесі - "Ықылас" туындысы. Көз жауын алатын бұл мурал көше тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді деп сенеміз.
2. "Үлкен қала балалары"
Орналасқан жері: Бараев көшесі, 6/1 үй
(сурет: instagram.com/kulanshi)
Астаналық "Canbrush" командасының туындысы мегополис тұрғындарының қызу өмірінен сыр шертеді.
3. "Бәйге"
Орналасқан жері: Күйші Дина көшесі, 15 үй
(сурет: instagram.com/kulanshi)
«Tigrohaudcrew» командасының "Бәйге" атты муралы жоғарыдағы авторлардың идеясымен астасып жатқан сияқты. Өмір –бәйге.
4. "Like"
Орналасқан жері: Абай даңғылы, 67 үй
(сурет: instagram.com/kulanshi)
Сурет авторы Андрей Repas текті, ақылды әрі әдемі жануар саналатын жылқы мен заманауи адамның қызығушылығын осылай ұштастырған екен.
5. "Қызғалдақ"
Орналасқан жері: Республика даңғылы, 34/2 үй
(сурет: instagram.com/kulanshi)
Алматылық «Tigrohaudcrew» командасының тағы бір тамаша туындысы бір жағынан жаңаруды меңзесе, екінші жағынан өткенді ұмытпауға шақырады.
"Urban art Astana" фестивалі аясында салынған муралдар
6. "Табиғат тақырыбындағы коллаж"
Орналасқан жері: С409 көшесі, 47 үй
(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)
Ресейлік суретші Евгений Чес өз туындысы арқылы қала тұрғындарына табиғат пен адамның арасындағы жіпсіз байланыс пен оны бұзбаудың маңызын еске салып тұрғандай.
7. "Тарихқа аллегория"
Орналасқан жері: Есенберлин көшесі, 30 үй
(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)
8. "Сәкен Сейфуллин"
Орналасқан жері: Сарыарқа көшесі, 19 үй
(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)
"Арт группа 310" командасы дәстүрлі сурет өнері мен заманауи технологияларды тоғыстыру арқылы салған Сәкен Сейфуллиннің бейнесі қала тұрғындарының мақтанышына айналып үлгерді.
9. "Қорғаушы"
Орналасқан жері: 187 көше, 16/4 үй
(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)
Қазаннан келген Дамир Бозик табиғаттан асқан суретші жоқ дейді. Өз туындысында ол тау барысын қорғаушы образында берген.
10. "Астана сәулеті"
Орналасқан жері: Сейфуллин көшесі, 11 үй
(Сурет: facebook.com/urbanfestastana)
Ресейлік суретші Маким Реванштың муралы Астана сәулет туындыларының "миксі" іспеттес. Біз де келешекте Астана сәулетімен ғана емес, көз тартар стрит-арттармен ерекшеленетін қалаға айналады деп сенеміз.
Дереккөз: el.kz