Оқырман назарына еліміздің бас қаласының суреттер топтамасын ұсынамыз.
Кешкі серуендерге лайықты жер екені сөзсіз.
Астананың жағажайында суретке түстіңіз бе?
Бұл суретте әдемі заманауи ғимараттардың бәрі бір-бірімен тамаша үйлесімін тауып тұр.
Есіл жағалауындағы ғимараттардың кескіні су бетіне түсіп, суретті көркем етіп тұр.
Бас қаланың мақтан тұтатын ғимараттарын көрген адам фотоаппаратына бір түсірмей өте алмайды.
Басқа қаладан келген қонақтардың міндетті түрде баратын жері − Хан Шатыр. Әдемілігімен қоса қызығы мол бұл жерді көзбен көріп, қолмен ұстап көрген адам тек жақсы әсер алғанын айтып келеді.
Сурет: vk.com/astananews