Ұлыбритания мұражайына қойылған қазақ мәсісі шетелдіктерді таңғалдырды

Ұлыбритания мұражайына қойылған қазақ мәсісі шетелдіктерді таңғалдырды
Фото: instagram.com

Ұлыбритания мұражайы 25-ке жуық ислам әлеміне тиесілі көне етіктерді ел назарына шығарды. Олардың ішінде 1900-ші жылы шебер жасалған қазақ мәсісі де бар. Қазақ мәсісінің ерекше дизайны шетелдіктерді қатты таңқалдырды, — деп хабарлайды massaget.kz порталы nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

етик

1900 жылғы қазақ мәсісі

“Мәсі Қазақстанның Балқаш көлі маңында 1900 жылдары тігілген. Ер кісілер мен әйелдерге арналған мәсі теріден жасалып, ою-өрнектермен безендірілген. Өрнектер табиғатты, қой, мысық секілді жануарларды суреттейді. Бұдан өзге Солтүсік Африка, Түркия, Таяу Шығыс, Иран, Орталық және Оңтүстік Азияның көне етіктерін де тамашалай аласыз. Бұл жәдігерлер қазақ халқының 1800 жылдан бері осы өңірлерде техника мен материалдардың ерекше бай үлгілерін қолданғанын және туындылар жасауға бейім болғанын аңғартады”, – деп жазылған мұражайдың желідегі ресми парақшасында.

Қазақ мәсісін көрген шетелдіктер оны қазір де қуана киюден бас тартпайтынын, аяқ киім көздің жауын алатындай керемет жасалғанын айтып, таңданыстарын желіде жарыса жазған. 

Ливия аяқ-киімі 1960 жыл

Ливия аяқ киімі, 1960 жыл

Пәкістан етігі 1900 жыл

Пәкістан етігі, 1900 жыл

Түркияның моншаға арналған аяқ-киімі 1800 жыл

Түркияның моншаға арналған аяқ киімі, 1800 жыл

Палестина аяқ-киімі 1988 жыл

Палестина аяқ киімі, 1988 жыл

С. Ерсін