Сағат пен уақыт туралы ең қызық деректер

Алғаш рет әлем бойынша уақытты бір жүйеге келтіріп, сағат бойынша жүруге дағдыланған бұл ежелгі Египет еді. Олар Күннің жүру қозғалысы бойынша уақытты анықтайтын күн сағатты шығарды. Бұл біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдар. Сол уақыттан бері сағаттың айналу бағыты өзгермеді: солдан оңға қарай.

Күн сағатының бір кемшілігі – ол тек көшеге шыққан кезде ғана уақыт мәліметін көрсете алды. Яғни, көлеңке бойынша. Ондай сағаттар қатты жел мен жаңбырдан бұзылып та кететін. Ал олардың жұмыс істеу қабілетін жоймас үшін көшелерде арнайы бригадалар жұмыс істеді. Археологтар бұл күнге дейін әлемнің әр түкпірінен күн сағаттарының 13 түрін тауыпты.

Ал Қытайда б.з.д. 4000 жылы су сағаттары шығарылды.

Дамудың келесі кезеңінде адамзат баласы құмсағаттарға көшті. Бүгінгі күні олардың қолданылу аясы медициналық салада ғана іске асады. Олардың кемшілігі күннің салқын кезінде тым тез қозғалды, ал бұл уақытты дәл анықтауға кедергісін тигізетін.

Алғашқы қол сағаттар 1812 жылы Неополитан королдігінде жасалды. Сол уақыттан бері тек танымалдылық ғана жинап келеді. Қазіргі таңда микрокомпьютердің көмегімен смарт-сағаттар шығарылып, олар тек уақытты көрсетіп қана қоймай, адамның қан қысымын, тамыр соғысын да дәл айтып, музыка да ойнап бере алады.

Ұзақ уақыт бойы қолсағаттар тек аксессуардың рөлін атқарып, оларды тек әйелдер сәндік ретінде тағатын. Алайда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери бөлімдердің командирлері қолсағаттардың көмегіне жүгінді.

Қоғам арасында швейцариялық шеберлер әлемдегі үздік сағаттарды жасайды деген ұғым қалыптасқан. Бірақ, механикалық сағаттарды алғаш болып голландиялық Гюйгенс есімді ғалым жасапты. Оның ойы бойынша сағатта тек төрт ғана элемент болуы тиіс, ал қалғаны қосымша ғана.

Өнертапқыш Леви Хатченс алғашқы оятқыштың авторы. 1787 жылы ол өзін күн сайын жұмысқа оятатын құрылғы ойлап шығарды. Қазір біз смартфонды қолымызға алып, небәрі бір-екі функцияны орындау арқылы ғана оятқыш қоя аламыз.

Қазіргі таңда қолсағаттар қайтадан сәндік бұйымға айналып бара жатқандай. Себебі адамдар көп ретте уақытты ұялы телефонынан қарауды әдетке айналдырған.

Әлемдегі ең дәл сағат – атомдық сағаттар. Мамандардың айтуынша, мұндай сағаттар миллион жылда бір секундтан ғана қателесуі мүмкін. Атомдық сағатты Ұлттық стандарт және технология институтының ғалымдары құрастырған. Олардағы уақыт өлшемі цезий атомының вибрациясы арқылы жасалады.

Кварцтық сағат айына 40 секундқа дейін қателессе, механикалық сағат тәулік сайын 4-6 секундқа қалып кетеді.

Бірқатар елдер сағаттық белдеулерге аса сенбей, түзетулер енгізген. Мысалы, Қытай бірден төрт бірдей сағаттық белдеуде орналасқан. Бірақ, ел үкіметі барлық провинцияларды теңестіріп қойған.

Уақыт туралы тағы бір қызықты дерек: Ратман аралы мен Крузенштерн арасындағы қашықтық 4 шақырымды құрайды, бірақ уақыт айырмашылығы – 21 сағат.

stan.kz