Наурыз мейрамын тойлау іс-шараларына байланысты Алматы қаласының кейбір көшелерінен көліктерге өтуге шектеу қойылады, деп хабарлайды Алматы қаласының жол полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Мейрам қарсаңында қала көшелерінде көліктердің саны күрт өсетіндіктен, жолдағы жағдайдың нашарлап кетуін жол полициясы басқармасы алға тартып отыр. Сондықтан, полиция қызметкерлерінің гарнизоны жол полиция қызметкерлерін есептегенде қызметтерін күшейтілген тәртіпте орындайды.
Таратылған ақпарат бойынша, 21 наурыз күні сағат 10.00-нан 22.00 дейін "Астана" алаңынан көліктерге жол жүруге шек қойылады. "Бұл шектеу 22 наурыз күні күндіз сағат 11-ден 21-ге дейін де күшіне енеді" - деп мәлемдеді жол жүру полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Қаланың мына аудандарында да көліктердің жүруіне шектеу қойылады:
- Әуезов ауданы - Момышұлы көшесі Абай мен Шаляпин көшелерінің арасы (21 наурыз сағат 10.00-нан 21.00-ге дейін);
- Бостандық ауданы - "Атакент" көрме орталығы (21 наурыз сағат 10.00-нан 14.00 дейін);
- Жетісу ауданы - "Айнабұлақ" ықшамауданы - "Маскима"ОСО алаңы (21 наурыз сағат 10.00-нан 15.00 дейін);
- Медеу ауданы - Шоқан Уәлиханов атындағы алаң (22 наурыз сағат 10.00-нан 14.00 дейін);
- Түріксіб ауданы - Сәкен Сейфуллин атындағы бақ (21 наурыз сағат 11.00-ден 15.00 дейін)
Сурет мұрағаттан