Қазақстандықтар көлік сатып аларда қандай қосалқы опцияларға назар аударады екен? Біз мұны анықтап көрдік.
Massaget.kz порталының ВКонтакте желісіндегі парақшасында жүргізген сауалнамаға сәйкес отандық жүргізушілердің қай опцияға мән беретінін анықтадық. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі қозғалтқышты автоматты іске қосу опциясын таңдаған. Атап айтқанда 42.03 пайызы.
Екінші орынға автоматты тоқтау жүйесі жайғасты. Қосалқы опциялардың ішіндегі танымалы әрі пайдалысы. Сауалнамаға қатысушылардың 26.36 пайызы көлікті автоматты түрде тоқтататын опцияны таңдаған. Алдыңғы әйнекті жылыту опциясы 23.55 пайызды жинап, үштікті түйіндеді.
Тізімдегі ең қажетсізі - бейімді фара мен парктроник деп есептейді екен сауалнамаға қатысушылар.
Толықтай нәтиже мынадай: