Қазақстанда ең сирек кездесетін көліктер сатыла бастады

Қазақстанда ең сирек кездесетін көліктер сатыла бастады

Қыз баланың арманы көйлек кию болса, ер жігіттің арманы көлік міну. Сирек түрі болса, тіптен жақсы. Ендеше, сізге сатып алуға болатын Қазақстандағы ең сирек көліктерді ұсынамыз. 

Колесаның (Kolesa.kz.) рейтингісіне көз жүгірте кететін болсақ, сатылымға қойылған көліктердің ішіндегі ең қымбаты "Cadillac Eldorado" екен. 1964 жылы шыққан бұл көлік қуаты өте мықты 8 литрлік қозғалтқышқа ие. Аталған көлік иесінің сөзіне сенсек, "Cadillac" 2008 жылы заводтан бір өңдеу алып шығыпты. Егер қалтаңызда 150 мың долларыңыз болмай жатса, онда 250 долларға бір сағатқа жалға алуға болады.

Одан кейінгі орында "Mercedes S300" көлігі тұр.1960 жылы шыққан бұл көлікке иесі 100 мың доллар сұрап отыр. Классикалық ретро-автомобильдің ішкі құрылымы керемет жабдықталған. Қызыл қайыспен көмкеріліп, қымбат ағашпен жабдықталған көлік 3 литрлік қозғалтқышпен сізді ынтық қылады.

Осы қаржыға "Mercedes E280" көлігін сатып алсаңыз болады. 1975 жылы конвейерден қайта шыққан көліктің ішінде заманауи технологиялардың барлығы бар. Мәселен: кондиционер, электроподъемник, фар жуғыш.


Рейтингтің келесі сатысында кеңестік ГАЗ заводының үш бірдей "өкілі" тұр. Біріншісі, "ГАЗ-20"деген атаудан гөрі көпшілікке "Победа" деп танылып кеткен 1950 жылғы көлік. Бағасы - 85 мың доллар. 2,4 литрлік қозғалтқышы бар көліктің алынып тасталатын жұмсақ төбесі бар. 

Бесінші орынды атақты "Чайка" ГАЗ-13 көлігі иеленіп тұр. Әлемде үш-ақ мың данамен шыққан бұл көлік кезінде тек кеңестік министрлер мінетін транспорт еді. "Чайканың" бағасы - 80 мың доллар. Оған іле 1958 жылы шыққан "ГАЗ-12 ЗиМ" көлігі тұр. Айта кететін болсақ, бұл көлік Горьковский заводының ең бірінші сәнді үлгісі болып саналады. Бүгінгі таңда иесі 50 мың доллар сұрауда.


Рейтингтің келесі сатысында америкалық "Muscle Car" автомобилі. 1970 жылы шыққан бұл көліктің бағасы 45 мың доллар шамасында. Алты литрлік қозғалтқышы бар көліктің іші бірыңғай қайыстан жасалған.

Есесіне 1972 жылы шыққан "Ford Mustang" көлігі арзан сұрап тұр. Бес литрлік қозғалтқышқа ие көліктің бағасы бар болғаны 27 мың-ақ долларды құрайды. Тоқтала кетсек, "Ford" компаниясы осы үлгіден соң, жаңа "мустангтарды" шығармаған. Кейінгі шыққан үлгілерінің барлығының дерлік қозғалтқыштары анау айтқандай "дүлей" болып жасалмапты.

сурет:kolesa.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига