Автокөлікке түс таңдау: Қай түс сәнде?

 Көбіміз автокөлік алуға бел буған соң, оның маркасы мен өндірушісіне, түсіне келгенде тығырыққа тіреліп, таңдау жасай алмай дал боламыз. «Ақ түсі жақсы ма, қарасы ма? Мүмкін, мына бір қоңыры...? Жоқ, мына бір сұры әдемірек сияқты ма, қалай?...»

Біздің айтарымыз, көліктің түсін таңдау алдында ең алдымен, өз талғамыңызға сүйеніңіз. Сондай-ақ, қоғамның бұл түске деген көзқарасы қандай екенін де басты назарда ұстаңыз.

Ал әлемдік автосүйер қауымның талғамын таразыға тартқан зерттеушілер Жапония мен Қытай елдерінде автокөліктің қара түсі үлкен сұранысқа ие дейді. Түстер арасында топ жарған қара түске тек күміс түсті автокөліктер ғана бәсекелес бола алады екен. Яғни, қара түс өз танымалдығын кейбір көлік маркаларында жоғалтып алатын көрінеді.

Дегенмен, мамандар осы ғасырдың аяғында қызыл, сары және көк түсті автокөліктер сәнге келеді деп болжап отыр. Десек те, бұл –  қара түстің танымалдығы төмендеп, сұраныстар сапынан ысырылып қалады деген сөз емес. Осы жерде естеріңізге сала кетейік, әлемге танымал  Mercedes-Benz, BMW, Audi и Volkswagen маркаларының автоөндірушілері қара-көк (темно-синий) түсті бояуларды қалайды. Сондай-ақ, ашық қызыл (ярко-красный), алабарқын (темно-коричневый) және ақшыл-қызыл қоңыр (светло-коричневый) түсті автокөліктерді  нарыққа шығарған америка тұтынушыларын метталлик түсті темір тұлпарлар да қызықтыруда.

Тұтынушылар өз көліктерін қалаған түсімен әрлеген соң, «металликпен» жылтыратуды сәнге айналдырды. Өйткені, «металлик» көп қатпарлы әдіспен боялып, автокөліктің ажарын аша түседі. Сондай-ақ, ол көлігіңіздің сыртқы қабатының ұзақ уақыт сақталуын да қамтамасыз етеді.

Сондықтан, автосүйер қауым бір жұмысты екі қылмас үшін бірден керекті түсі металликпен әрленген көліктерді іздейді.

Бәсекеге қабілетті кәсіпорындар тұтынушылардың бұл қажеттілігін де қанағаттандырып отыр. Лезде кез келген түске металлик үстеп, автокөлікті өз қалауыңыз бойынша әсемдеп береді.

Ата- бабаларымыз өз заманында екі-үш түске де риза болған. Адамзат баласының санасы шырқау шегіне дейін шарықтап келе жатқан қазіргі кезеңде жүрек қалауыңыз ескерусіз қалмай, арманыңыз мүмкіндігінше жүзеге асады. Көлігіңізге түс таңдауда біз айтып өткен кеңестер пайдаңызға асар деген үміттеміз. Іске сәт!  

 

Сурет https://www.car-z.uz сайтынан