Редакциядан: Сайттың мақсатын, мүддесін түсініп, түйсінген кейбір қолданушыларымыз өз қызығушылықтарына қарай материалдарын жіберіп жатыр. Солардың бірі Нұрғазы бізге автокөлік туралы қызықты деректерді жіберіпті. Нұрғазының материалы ең әдемі жаңажылдық сыйлық болды! Сіз де сайтымызға материал жіберіп, өз таңбаңызды қалдыруға асығыңыз!
Сатуға арналған бірінші автокөлікті Даймлер Бенц 1887 жылы құрастырыпты.
Әлемдегі ең ұзын автокөлік - лимузин. Оның ұзындығы 30,5 метр.
Алғашқы әйнек тазалушыны әйел адам ойлап тапқан.
1897 жылы Вестфилд қаласында әлемдегі бірінші көлік сақтандыру полисы сатылды.
Ferrari компаниясы күніне 14 автокөлік жинайды.
Көлік қақтығысынан кейін, қауіпсіздік жастығы 40 миллисекунд ішінде жайылып үлгереді.
1769 жылы Николя Cugnot өзі жүретін автокөлікті құрастырып шықты. Ол үш дөңгелекті болды. Көлік небары 6 км/сағ жылдамдығымен қозғалды. Өзі жүретін автокөлікті алғашқы рет француз әскерінде зеңбіректердің орнын ауыстыру мақсатында қолданылған.
1982 жылы АҚШ - та алғашқы жапондық Honda Accord автокөлігі шығарылды.
Алғашқы автокөлікте рульдің орнына басқару тұтқалары пайдаланылған.
1964 жылы бірінші Porsche 911 құрастырылды, оның қуаты 130 ат.күш.(л.с.)
Германияда Отто мен Ланген «Deutz» компаниясы алғаш рет жұмыс істейтін төрт тактылы қозғалтқышты ойлап шығарды. Николаус Отто алғашында азық-түлік дүкенінде істеп, сол жерде екі тактілі басқармалы іштен жану қозғалтқышы туралы мақала оқып, 1863 жылы Кельна қаласының төңірегінде Отто «Deutz» компаниясындағы Лангеннің қолдауымен өзінің шеберханасын ашты. Сөйтіп, ол 1876 жылы өзінің төрт тактілі қозғалтқышын ойлап шығарды. Кейіннен, неміс инженері Готлиб Даймлер қозғалтқышқа көптеген өзгерістер енгізді.
Әлемдегі ең арзан автокөлік - Tata Nanо.
Оңтүстік Кореялық 69 жасар Чха Са Сун 2010 жылы жол жүру куәлігін алды. Ол алғаш рет 2005 жылы емтихан тапсырып, құлап қалады. Содан кейін емтиханның теориялық бөлімін күн сайын тапсырып жүрді. Дегенмен, бәрібір өте алмай қала берді. Айтқанынан қайтпайтын Чха Са Сун ақыры өз дегеніне жетті. Hyundai компаниясы жол жүру куәлігін алған соң оған автокөлік сыйға тартты.
сурет zillionarts.com сайтынан
Автор: Нұрғазы Қойшығұлов