- Негізгі бет
- Классика
- Автокөлік: Microsoft пен...
Автокөлік: Microsoft пен Ford Mustang
Алғашқы көлік пайда болғаннан бастап, адам баласы оны жетілдіре отырудан жалықпай келеді. Енді, адам баласының табиғаты сондай, әрбір затты идеалды түрге келтіру. Көлік өндірісі де назардан тыс қалмады. Оның айқын айғағы ретінде "көздері бар мерседес", "миы бар мазда" сынды көліктердегі технологиялар бола алады. Бірақ, бұның бәрі аз болып көрінді. Сондықтан да, дүниежүзіндегі жүздеген тюнинг-шеберханалары көліктердің стандартты үлгісін негізге ала отырып, оны түгелдей өзгертіп, жолға жаңа төрт дөңгелегі бар (кейде одан да көп) көлікті шығарады. Осындай шеберханалардың бірімен бірлесе отырып шығарған Microsoft компаниясының шығарған көлігі жайлы бүгін айтып кетпекпіз.
Теледидардан көбіміз білетініміздей West Coast Customs шеберханасы Microsoft компаниясымен бірлесе отырып, Ford Mustang көлігін негізге алып, жаңа, бірегей темір тұлпарды жасап шығарды. Бұл машина Inside West Coast Customs атты телевизионды бағдарлама үшін арнайы дайындалып, студия мен команда жұмысының құрметіне жасалған.
Бірлесіп жасалған жоба Project Detroit by Microsoft атауына ие болды. Көліктің көзтартарлық жағы - оның ішінде орналасқан саны шексіз техникалық құрылғыларда. Бұл "техно-ойыншықтар" Microsoft компаниясының шығарып жатқан түрлі технологиялардың күнделікті өмірде пайдалану кеңдігін көрсете отырып, Windows, Windows Phone, Windows Azure, Xbox, Kinect пен Bing арқасында қандай қызық заттар жасауға болатынын көрсетеді.
Бұл жобаны іске асыру үшін қазіргі ұрпақтағы жасалынып жатқан Ford Mustang алынды. Ал West Coast Customs шеберханасының мамандары бұл көлікті 1967 жылғы "shelby"үлгісіне ұқсатқан. Естеріңізде бар болса, біз "shelby" туралы айтып кеткен болатынбыз. Көлік шанағы қара сырға боялып, көк неон шамдарымен безендірілген. Көліктің құрылғылар тақтасының рөлін Metro интерфейсі бар үлкен сенсорлы дисплей атқарып отыр. Бұл интерфейс Windows 8 ОЖ болады. Дисплейде түрлі стильдердегі жұмыс панельдерін орнатуға болады. Бұған қоса, мустангты алыстан басқару мүмкіндігі іске асырылған.
Келешекте осындай технологияларды көліктерге көптеп орната бастаса, темір тұлпарлардың ойын-сауық орталығына айналар күні алыс емес деп ойлаймыз. Microsoft компаниясының адам баласының өмірін жеңілдетіп, оны қызықты етіп өтуіне ықпал ететін басқа да жобаларын күтудеміз.
Суреттер: 3dnews.ru