Жапондық SIM-Drive консорциумы SIM-LEI атты электромобиль өндірісін бастады. Бұл компанияның жаңа өнімі - SIM-WIL деген атауға ие. Көліктің сыртқы келбеті алдыңғы үлгіден аса ерекшеленбегенімен, өзіндік қырлары жоқ емес. Темір тұлпардың "біртүрлі" келбеті де сол қалпында сақталған. Ал машинаның техникалық бөлімі көңілден шығып отыр. Толықтай қуатталған электр темір тұлпар 351 шақырымға дейінгі қашықтықты өтіп шыға алады екен.
Жоба инженерлерінің айтуынша, жаңа прототиптердің жиі жарық көретін болады. Өйткені, SIM-Drive-тың басты мақсаты - алдыңғы қатардағы технологияларды автоөндіріске енгізу болып табылады. Сондықтан да, көліктің сыртқы келбеті ең маңызды шаруа емес, - дейді өндірушілер. SIM-LEI үлгісіне қарағанда, SIM-WIL нұсқасы 4% "арықтап", оның салмағы 1580 келіні құрап отыр. Максималды жылдамдық 150-ден 180 ш/с-қа дейін өсті. Ал 100 ш/с-қа дейінгі үдеу 5,4 секунд уақытты талап етеді. Бұл көрсеткіште алдыңғы үлгі 0,6 секунд уақытқа жылдам болды. Литий-ионн батареяның сыйымдылығы - 35,1 кВт*с. Қуатталу 3 сағаттың ішінде толығымен бітеді.
Бес орынды SIM-WIL-дің өлшемі 4150x1715x1550 мм-ді құрап, төрт бірдей электр қозғалтқышы төрт дөңгелекті алға қарай "жүгіртіп" отырады.
Бүгінгі жанар-жағармай тапшылығын ескеретін болсақ, осындай көліктер көптеп шығарылса, адам баласының күнделікті өмірін бір жеңілдер еді. Тек бұл процесс ұзаққа созылмаса болғаны.
Сурет:3dnews.ru