- Негізгі бет
- Классика
- "Mercedes SLS AMG"...
"Mercedes SLS AMG" - әлемдегі ең мықты электрокар
Жаңа Mercedes-Benz SLS AMG Electric Drive әлемдегі ең мықты электромобиль болып табылады. Бүгін біз сіздерге аталған көлік туралы азды-кемді әңгіме айтқымыз келеді.
Жақында ғана бұл көлік Париждегі автосалонда көпшілікке көрсетілді. Электроприводты "SLS AMG" күпелі "Mercedes-Benz SLS AMG Electric Drive"-тың құны кез келген сатып алам деушіге 538,000 фунт стерлингке түседі. Бұл дегеніміз, қарапайым "SLS"-тен екі жарым есе қымбат деген сөз.
Түсі балқытылған көк металдың стиліндегі көліктің ішкі құрылымы мүлде жаңа түзілімде екен. Және бұл "сүлік" сағатына 3.9 секундта 100 километрді еркін игереді.
Әр дөңгелекке төрт қозғалтқыштан келеді; 740 аттың күші бар; жолдағы қиындықтарда дөңгелектің кез келгені тежеледі.
Айта кететін болсақ, көліктің бұл үлгісі Ұлыбританияда жасалған. Аккумуляторлық батареясы әдеттегідей "SLS AMG"-тың бак бөлігінде орналасады. Ол өз кезегінде 864 жеке блок пен 12 модульден тұрады. Ең бастысы, суықтатып, жылытып тұратын кондиционері жоғары үлгіде жасалған.
Стандартты желі аясында толық қуаты, яғни 230 вольт 20 сағатқа жетеді. Сонымен қатар, тез қуат алатын қондырғы да бар. Ондағы қуат (22 кВт) 3 сағаттан соң аяқталады. "Формула 1" моделіндегі көліктердей тежегіш кезінде рекуперацияның арқасында қуатталады.
сурет:infoniac.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига