Басы
Феррари ұсынатын тағы бір үлгі - "375 Америка". Көліктің шанағын "Пининфарина" атты әйгілі ателье құрастырған. Кейін бұл көлікке "500 Мондиаль" мен "750 Монца" үлгілері қосылды. Бұл көліктің цилиндрлер блогы қызыл сырға боялды. Бірақ сол кездерде фирманың халі онша мәз емес еді. "Скуало" мен "Суперскуало" Формула 1 жарыс көліктері ақаулықтарға толы болғандықтан, фирманың беделі сәл төмендеді. Бірақ, Лянча компаниясы Феррариге қол ұшын созып, өзінің сол кездегі "D-50" атты жобасын табыстаған.
1966 жылдан бастап Энцо өз көліктерін "Дино" сауда белгісімен атап кеткен. Бұл атау Энцоның жалғыз баласы Альфрединоның құрметіне пайда болған. Альфредино кезінде өте талантты авто конструктор болған еді, бірақ ауыр дерттің кесірінен жас кезінде қайтыс болған. Альфрединоның жобалары негізінде құрастырылған көптеген үлгілер түрлі байқау-бәйгелерде жеңіске жетіп, құрастырушының атын бүкіл Еуропаға мәшһүр еткен. Кейін "Дино" жеке компания ретінде құрылып, көліктердің өндірісін жалғастырды. "246 GT/GTS" пен "206 GT" үлгілері кең сатылымға шығып, Еуропада сатылған көліктердің алдыңғы қатарына енген.
Ал 1973 жылы жарық көрген "Диноның" соңғы "308 GT4" үлгісі "Феррари-328/348"-дің пайда болуына түрткі болды. 1971 жылы халық назарына "512ВВ" (Berlinetta Boxer) үлгісі ұсынылып, екі жылдан кейін оның сериялық өндірісі басталып кеткен. 1984 жылы бұл көліктің орнын "Тестаросса" үлгісі орын басып, 1992 жылы көлік толық жаңарту процесінен өтіп, "512TR" деген атқа ие болған. 1994 жылы бұл үлгінің жаңа түрі жарық көріп, көлік көлемі 4946 см3 л-лі 440 а.к. қозғалтқышпен жабдықталды. Осы үлгінің максималды жылдамдығы сағатына 315 шақырымға дейін жететін. Көп кешікпей "550 Маранелло" атты классикалық стильде орындалған көлік те жарық көрді.
"Феррари" фирмасы Формула 1 жарыс көліктерімен де бүкіл әлемге танымал. Осы көліктер жылдан-жылға жаңарып, бұрын соңды болмаған қуат деңгейін көрсетіп, "Феррари" компаниясының авто өндірістегі атын одан әрі әйгілей түсуде.