BMW мұражайы

BMW мұражайы

Бірінші сатыны ұшақ жасаумен аттаған 90 жылдық тарихы бар BMW компаниясы жетістіктерін жыл сайын ұлғайтуда. BMW компаниясының шығарған өнімі ұшақ болсын, жеңіл автокөлік болсын, мотоцикл болсын әрдайым тек керемет сапа мен жаңа технологияларға негізделіп шығарылады. Сондықтан да BMW маркасы адамның сана-сезімінде «сапа символы» ретінде орныққан...

BMW компаниясының тарихы  1917 жылдан бастау алады. Авиа қозғалтқыштарды жасайтын кішігірім компания иелері Карл Рапп пен Густав Отто бірігіп, ортақ компания құрған. Сол кезде Мюнхенге Макс Фриц қоныс аударып келеді. Жас әрі талантты авиаконструктор қуатты қозғалтқышы бар ұшақ жасауды армандайды. Ойластырған жобаның тиімділігі соншалықты, әлі бітпеген күйінде де әскер басшыларына ұнаған. Олар осындай ұшақтың 600 данасына тапсырыс берген болатын. Бұл жағдай компания басшыларына ірі көлемді өндіріс ашуға мүмкіндік берді. Осылайша, әлемде үздік көлік шығаратын компанияның тарихы басталып кетті.

Компанияның әлемдік деңгейде жеткен жетістігін тамашалау үшін сіздерді BMW фирмасының мұражайына шақырамыз. Әлемдік автоөндірушінің үлгілерін бірге тамашалайық.

Суреттер: venividi.ru