2012 жылдың 1қаңтарынан бастап міндетті техникалық байқаудан өту арнаулы стендтермен және тежегіш жүйесінің, басқару тұтқасымен басқарудың, жарық құралдарының сонымен қатар газ шығарудың тиімділік параметрлерін анықтайтын құралдармен жабдықталған жекеше орталықтармен жүзеге асатын болады.
Көлік иелері міндетті техникалық байқаудан өтуге автокөлік пен мына құжаттар тізімін ұсынуы қажет:
1) Көліктің мемлекеттік тіркеуден өту куәлігін;
2) Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ағымдағы жылға көлік салығы төленгендігін растайтын немесе салықтан босату құқығын растайтын құжаттарды;(ұсынуы қажет)
3) Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыру туралы келісім-шартты;
Міндетті техникалық байқауды көліктің тіркеу орнына байланыссыз кез келген тезникалық байқау орталығында өтуге болады.
Техникалық байқау кезінде тексерілетін негізгі параметрлер:
1) Тежегіш;
2) Басқару тұтқасы;
3) Терезелерден көріну мүмкіндігі;
4) Сыртқы жарық құралдары;
5) Дөңгелектер, шиналар, подвеска;
6) Улы заттар мөлшері;
7) Шасси агрегаттары мен бекітілу түйіндерінің ахуалы және жұмыс істеу жағдайы;
8) Басқа да жабдықтардың ахуалы мен жұмыс істеу жағдайы (қауіпсіздік белбеуі, спидометр, жол дәрі қорабы, өрт сөндіргіші, т.б.)
Автокөліктердің міндетті техникалық байқаудан өту мерзімдері:
1) Әр 12 айда – шығу жылымен қосқанда 7 жылдан астам көліктерге;
2) Әр 24 айда – шығу жылымен қосқанда 3 және 7 жыл аралығындағы көліктерге;
3) Әр 36 айда – шығу жылымен қосқанда 3 жылдан кем көліктерге;
Адамдарды тасымалдауға арналған автобустар, шағын автобустар, таксилер және де жүк көліктер меншік нысаны мен шығу жылына байланыссыз міндетті техникалық байқаудан әр алты ай сайын өтеді.
Техникалық байқауды ілгергі техникалық байқаудың мерзімі бітпес бұрын өту қажет.
Шалғай аудандардағы халыққа қолайлылық тудыру мақсатымен техникалық байқау орталықтарының мобильді жолдары техникалық байқаудан өту жұмыстарын жүргізеді.
Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Көлік Және Коммуникация Министрлігі сурет Ғаламтордан