Адамның мінезінде үш асыл қасиет болуы керек: сабыр сақтау, әр нәрсенің шегін білу және үнсіздік сақтай білу. Бұлар өмірде ақыл, талант, сұлулықтан да көбірек көмектеседі. Үнсіздік –тектілік пен шыдамның белгісі. Үнсіздік – мағынасыз сұрақтарға берілетін ең жақсы жауап деп жатамыз. Өмір сүру барысында үнсіздіктің пайдасын көп көрген кезіңіз болды ма? Өйткені, үнсіздікті басты қару деп алсақ та болатындай. Керек емес жерде тіл қату адамның қадірін кетіреді. Оның ішінде адамның жауабы да болуы ғажап емес. Осы орайда ұлылардың үнсіздік жайлы айтқан даналық сөздерін жариялауды жөн көрдік.
Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең дұрыс жауап бола алады.
Далай Лама
Үнсіздік – ұлы дос, ол ешқашан саған опасыздық жасамайды.
Конфуций
Үнсіздік – ақылдының қаруы, ақымақтың бетпердесі.
Араб даналығы
Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.
Мұхаммед Әли
Ұлы адамдар бір-бірін үнсіз-ақ ұғыса біледі.
Фридрих Шиллер
Әйелді үнсіздік әшекейлейді.
Гомер
Үнсіздік әрқашан сөзге толы.
Милорад Павич
Барлық жамандықтың екі дәрісі бар – уақыт және үнсіздік.
Александр Дюма
Кейде үнсіздіктің өзі сөзшең келеді.
Нұрғали Ораз