Альберт Эйнштейн (1879-1955) – физик-теоретик, қазіргі физиканың негізін салушылардың бірі, физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері, қоғам қайраткері. Ұлты – еврей. Ол арнайы салыстырмалылық теориясы, жылу сыйымдылығы және фотоэффект кванттық теориясы, Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы, Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялар теориясы, т.б. көптеген теорияның негiзін қалаған. Мэрилин Монро мен Эйнштейн 1950 жылдары Американың аңызы болған. Мэрилин сұлулық символы болса, Эйнштейн ғұламалық үлгісі еді.
Ғұлама Альберт Эйнштейн қандай кітаптар оқыған? Сіз өзіңізге осындай сұрақтар қойып көрдіңіз бе?
Ғалымның жеке кітапханасы туралы ақпарат оның жеке жазбалары, күнделіктері мен сұхбаттарында сақталған екен. Оның кереуетінің жанындағы үстелде үнемі Сервантестің кітабы жатса, таңғы ас ішіп отырғанда ол Б. Ковнердің әзіл очерктерін оқитын. Түрлі танымдық мәліметтерден Эйнштейн ұсынатын кітаптар тізімін жасадық, қабыл алыңыз.
1. Альберт Эйнштейн ұйықтар алдында Мигель де Сервантестің «Дон Кихотын» оқитын. Ол бұл романды оқудан ләззат алатын. Эйнштейн оны үнемі қайталап оқып отыратын болған. Себебі, кітап оған ойлауға көмегін тигізетін. «Бұл – драма, идеялар драмасы. Романды ғылымға құштар әр адам оқып шығуы тиіс», – дейтін Эйнштейн.
2. Альберт Эйнштейннің айтуынша, Давид Юманың «Адам табиғаты туралы трактаты» оның қалыптасып, дамуына үлкен септігін тигізген.
3. None – Альберт Эйнштейн өмірінің соңғы айларында сүйсіне оқыған кітабы. Ол – Jewish Daily Forward газетінің колумнисті Б. Ковнердің әзіл очерктері. Эйнштейн Ковнердің (шын есімі Якоб Адлер) шағын әңгімелерінің кезекті санын асыға күтетін.
4. Елена Блаватскаяның «Құпиясы ашылған Изида» атты туындысы – Альберт Эйнштейннің сүйікті кітабы. Кітап сиқыршылықтың табиғаты мен шығу тегін зерттейді. Онда оккульттық ғылымдар талқыланады.
5. Эйнштейн Фёдор Михайлович Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романын өмір бойы қайталап оқи берген.