- Негізгі бет
- Көкжиек
- Толстойдың тағылымды тәмсілдері...
Толстойдың тағылымды тәмсілдері
Орыстың ұлы ойшылы болған Л.Н.Толстойдың есімі қазақ оқырмандарына ғана емес, бүкіл әлемге танымал. Кез келген әлемнің «мен» деген жазушылардың өзі Толстойды айналып өтпейді. Әйгілі жазушының өмір туралы философиялық ойларын оқи отырыңыздар!
Өмірден тосын сый күте бермей, өмірді өз қолыңмен жасағын.
Ең ұлы ақиқаттар – ең қарапайымдары.
Байлық тезек сияқты. Үйілген сайын сасиды, шашылса жерді тыңайтады.
Адам өзіне-өзі неғұрлым риза болса, оның бойында риза боларлық нәрсе соғұрлым аз болғаны.
Алдау – жаман нәрсе. Бірақ ең жаманы – өз-өзіңді алдау.
Ақымақтық білімнен туады.
Әлемдегі бүкіл сұрақтың жауабы өзіңнен табылады. Сен кітапта жазылғандардан әлдеқайда көп білесің. Бірақ, барлығын еске түсіру үшін кітап оқу, өзіңе қарау, өзіңді тыңдау және өзіңе сену қажет.
Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: біреулері нені айтуға, нені істеуге тиіс екенін әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып, істерін істеп алғаннан кейін барып ойланады.
Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.
Әйел қанша сұлу болса, сонша адал болуы керек, өйткені оның сұлулықтан көрер кесірін адалдық қана жеңе алады.
Мен адамдардың аштығынан қорықпаймын,
Мен адамдардың тоқтығынан қорқамын.
Барлығы бүкіл адамзатты өзгерткісі келеді, бірақ әркім өзін өзгертуді ойламайды.
Мейірімді адамдар деп өз күнәларын ұмытпайтын, бірақ жақсылықтарын ұмытып кететіндерді, ал қатігез адамдар деп, керісінше, өз жақсылықтарын ұмытпайтын, бірақ күнәларын ұмытып кететіндерді айтады. Өзіңді кешірме, сонда өзгелерді оңай кешіретін боласың.
Ж. Жұмағұлов