Толстойдың күнделігінен

Ол – орыс әдебиетінің классик жазушысы. Ол – ақшаны суқаны сүймей, Нобель сыйлығынан бас тартып, кедейлер жағына шыққан тұлға. Ол – бүкіл ғұмырында «Ізгілік» деген бір ауыз сөздің астарынан өмірдің мәні мен жалпыға ортақ бақытты іздеп өтті. Ол кім деп ойлайсыз? Әрине, әңгімеміздің бәрі орыстың ғана емес, адамзатқа ортақ жазушы Лев Толстой жайында. Біз бүгін сіздерге Толстойдың күнделік беттеріндегі кейбір ойларын ұсынуды жөн көрдік. 

***

Егер адамдар сізге барлық уақытта шындыққа, әділдікке жете алмайсың, себебі шындықты, әділдікті ешқашан таппайсың десе, онда ондай адамдарға сенбеңіз және олардан қорқыңыз. Олар ақиқаттың ғана емес, сіздердің де қас жауларыңыз. Олар мұны өздері адал өмір сүрмегеннен және оны білгеннен кейін, өзгелер де солай өмір сүрсін деген ниетпен айтады.

***

Егер өміріміз ақиқатқа, шындыққа негізделмесе, онда оны жасырғаннан гөрі мойындағанымыз жөн. Біз өмірімізді ақиқатқа, шындыққа қарай өзгерте аламыз, бірақ ақиқатты еш нәрсемен ауыстыра алмаймыз. Ақиқат ешқашан өзгермейді және біздің өтірігімізді әрқашан әшкерелеп тұрады.

***

Адамдарды өте қатты ұнатпау және өте қатты құрметтеу дұрыс емес. Егер ұнатпасаң, оның бойындағы жақсылықты бағалай алмайсың. Егер өте қатты құрметтесең, одан көп нәрсені талап ететін боласың. Қателескің келмесе, өзгені өзіңдей нәпсісі бар адам ретінде көру және Құдайдың рухы өмір сүретін жан ретінде сыйлау қажет.

***

Өзге адамдардан ақылдырақ, жақсырақ, мықтырақ емес екеніңді өзіңнің ақылың мен ізгі істеріңнің бағасын білмейтіндігіңнен-ақ көруге болады. Ал, өзгелердің ақылы мен ізгі істерінің бағасын білу тіпті қиын.

***

Мейірімді адамдар деп өз күнәларын ұмытпайтын, бірақ жақсылықтарын ұмытып кететіндерді, ал қатігез адамдар деп керісінше, өз жақсылықтарын ұмытпайтын, бірақ күнәларын ұмытып кететіндерді айтады. Өзіңді кешірме, сонда өзгелерді оңай кешіретін боласың.