Жапон халқы - әлемдегі ең ақылды халық. Жапония дегенде біздің көзімізге өршіл рухты, батыр самурайлар елестейтіні анық. Біз алдыңғы жолы үнді даналығын ұсынған ек. Бүгін самурайлардың отаны жапон халқының даналығымен сусындай отырыңыз!
***
Ойладың ба? – Істе!, Істедің бе? – Ойланба!
***
Кеткенді – ұстама! Келетіннен – қателесіп қалма!
***
Алыс сапар да – жақын жолдан басталады.
***
Бір жылы сөз – қыстың үш айын да жылы етуі мүмкін.
***
Қарапайымдық – ұлы адамға тән.
***
Әдемі гүлдер жеміс әкелмейді.
***
Суық шай мен суық күрішке шыдауға болады,
Суық көзқарас пен суық сөзге шыдау қиын.
***
Сұрау – бір минуттық ұят, ал білмеу - өмірдің соңына дейін ұят.
***
Терең өзен дыбыссыз ағады.
***
Біреудің қателігін көрдің бе, өзіндікін жөнде.
***
Ата-анасы жұмыс істеп, балалары өмірдің қызығын көріп жатса – немерелері қайыр сұрайды.
***
Қолыңнан келгенше істе, ал қалған жағы тағдырдың жазғаны.
***
Күйеуі мен әйелі қол мен көз тәрізді болуы керек: қол ауырса – көз жылайды, көз жыласа – қол жасын сүртеді.