Құрметті оқырман, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жыл толуына орай біз сіздерге тәуелсіздік туралы мақал-мәтелдердің топтамасын ұсынамыз.
Азат елдің аспаны ашық
![]()
Егемен елдің еңсесі биік
![]()
Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым
![]()
Азат елін сүйген ұл — бақытты
Жаңа жұртын сүйген қыз — бақытты
![]()
Тәуелсіздік туы — асқақ
![]()
Егеменді ел көрікті
Бетегелі бел көрікті
![]()
Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, тәуелсіз елдің ұлтаны бол!
![]()
Тәуелсіздің тынысы тарылмайды, тәуелдінің ырысы жарымайды
![]()
Тәуелсіздік – тарих тұлпарының қос тізгіні
![]()
Тәубенің зоры – Тәуелсіздік
![]()
Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман
![]()
Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
А. Әбілхан