Басы
ــ Сырт киімдерім оның қолында қалды... Күн тым ысып кетті ғой... Үйтпегенде, бұлайша ала-құла жейде киіп алып, көше араламас едім, басқалар әуелі қаңғып жүрген қарала төбет екен деп қалар... - деді еркек.
ــ Сен қорықпай-ақ қой,-деді еркек, ــ Біз лифттеміз, ұшақта отырғанымыз жоқ; біз ғимарат ішіндеміз, зеңгір көкте тұрғамыз жоқ; ал сенің кез боп тұрғаның ақкөңіл қала тұрғыны, әсте содыр-сотанақ немесе бұзық біреу емес.
Әйел әзер күлді. Оның күлкісі найзағайша бір шатыр етті де, ғайып болды. Еркек терін сүртіп, жағасының түймесін ағытты.
ــ Су ішесіз бе? Ол қолындағы минерал су құйылған құмырасын шайқап-шайқап қойды.
Әйел басын шайқады.
Еркек лифтке сүйеніп, ақырын отыра кетті де: «Шаршаңқырап тұрмын, аз-кем отырайыншы» деді.
Жарық сөнді, сәлден соң от жарығы тағы бір рет аядай лифтті жарықтандырды. Еркек:
ــ Ерлі-зайыптылар арасында қалайда азын-аулақ құпиялар болады емес пе? Мәселен мен әйелімнің тыққыштап жүрген ақшасының барлығын білемін... Шынтуайтында, менде де бар... Менің тыққыштаған ақшам жазу үстелінің астына пластрмен жапсырып қойылған... Құпия нөмірі – некелескен күніміз...
Әйел тісін ақсита күлді. Ол өзін кеңіп қалғандай сезінді.
ــ Біраздан соң сырыңды оған айта саламын,-деді әйел күле сөйлеп.
Десе де, әйел бұл сөзінен тіксініп қалды, ол бұл оңбаған еркекпен шынымен-ақ қалжыңға басқалы тұр ма! Ол еркекті көзімен бір шолып өтті, еркектің көзі күлімдеп, бет әлпеті буылдырланыңқырап тұр екен. Бәлкім, шақпақтың мардымсыз жарығынан болар? Әйел дәл осы сәтте өзімнің де өңім оңып тұрмаған шығар деп ойлады. Әйел еркекке қарап күлімсіремекші болды, әйткенмен оның күлкісінің тең жарымы ғана көрініп, қалған жарымы тосаттан орнаған тас қараңғылық ішіне жасырынып қала берді.
Еркек шақпақты тағы сөндірді. Ол:
ــ Мен демала тұрайын, сен қорықпа. Сырт жақтан сыбдыр естілді, есікті қопарып жатқан сияқты, тағы біреулер сөйлегендей болды. Сен абдырама, абдырап кетпе, қорықпа, қорықпа, - деді. Оның дауысы құдды демі үзіліп кетіп бара жатқандай барылдап шықты. Әйел "Семіз еркек біткеннің бәрі осылай ма? Азырақ тік тұрғанға бола жиырма қабатты ғимаратқа шыққандай болды ғой" деп түйді.
Жарты сағаттан соң, әйел лифттен құтқарылып шықты... Ол тағы бір рет шыңғырып жіберді:
ــ Оны тез құтқарыңдар! Тағатсыздана, үмітісіздене айқайлады әйел.
Еркек ақыры көз жұмып кетті. Оның әйелі лифттің сыртында екен, шапаны әйелінің қолында, жанынан тастамай жүретін дәрісі шапанының қалтасында болып шықты. Еркек жүрек ауруына шалдыққан, оның жаны қашанда қатерде жүретін-ді.
Әйел еркектің зайыбына:
ــ Оның жазу үстелінің астында ақша чегі бар, құпия саны сендердің некелескен естелік күндерің. Ол бұны саған айтып қой деген,-деді.
Бірнеше күн өткен соң, жерлеу мекемесінде әлгі еркектің зайыбы қара торғын жабылған күйеуінің суретіне қадала қарап тұрды, суреттегі еркек күлімсіреп тұрған-ды.
Әйел:
ــ Менің оған алғыс айтқым келді, десе де орай болмады.
Еркектің зайыбы:
ــ Ол болмаған күнде де, бәрібір, сен құтқарылатын едің.
Әйел:
ــ Десе де, ол маған бастан-ақыр қорықпауым керектігін айтып тұрды.
Еркектің зайыбы:
ــ Ондай жағдайда, қандай еркек болмасын, солай істейді.
Әйел:
ــ Жоқ, олай емес. Кейін ол қатты күйіп кетті. Іс жүзінде олай емес екен... Ол мені өз бейнесін көріп қояды деп алаңдапты...
Бейтаныс бір әйел үшін, шынымен-ақ еш білдірместен аттанып кетіпті... Оның үн-түнсіз жан тәсілім болуы, мені біліп қалмасын дегені, тек мені шошып кетіп, қорқып қалар деп алаңдағаны...
Соңынан, екі әйел шерлене құшақтасты.
Автор: Джоу Хай Лиан (Қытай жазушысы)
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: runews.cz