Сіз кімсіз, Мо Янь? Қытай жазушыларын оқу керек болды!

Сіз кімсіз, Мо Янь? Қытай жазушыларын оқу керек болды!

Cтокгольмде әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы қытайлық қаламгер Мо Яньға бұйырды. 

57 жастағы Гуань Мое көпшілікке «Мо Янь» деген бүркеншік есіммен танымал. Және аталған есімнің аудармасы «үндемес» деген мағынаны білдіреді. Өз кезегінде "Үндемегеннен үйдей бәле шығады" - дегендей, бүгінгі таңда бүкіл әлем жұртшылығы кезекті бір сенсацияның куәсі болып отыр. Әйтпесе, америкалық, не болмаса, жапон жазушысына (кімді айтып отырғанымды білетін шығарсыз?) бұйырады деп отырған жүлде "Аспан асты елінің" өкіліне кетеді деп кім ойлаған?!

Бәрінен бұрын ең қызығы, Қытай жұрты да Моны жақсы тани бермейді. Дәл осындай бір қызықтың куәсі 2000 жылы орын алған-ды. Францияға жер аударылып, сыртта жүріп кітап жазған Гао Синцзянь Нобель сыйлығын иемденіп шыға келген-ді. Не де болса, Мо мырзаның романы бойынша түсірілген Чжан Имоудың "Красный гаолян" атты киносы бар ауыртпалықты өз мойнына алғандай...

Айта кететін болсақ, Нобель сыйлығының әр саласындағы жүлде қоры 1,2 миллион долларды құрайды.

Естеріңізде болса, өткен жылы әдебиет саласында бас жүлде швед ақыны Томас Транстремерге бұйырған болатын.

Марапаттау дәстүр бойынша Стокгольмде 10 желтоқсан күні швед қайраткері және өнертапқышы Альфред Нобельдің өмірден өткен күніне орай өткізіледі. 

сурет:sabah.com.tr

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига