Сомерсет Моем «Ай және Грош»
Роман англиялық биржа қызметкері Чарльз Стриклендтің өмірінен алынған. Ол қырық жасында аяқ астынан суретшілік өнерге қызығып, осы істің қыр-сырын меңгеру үшін әйелі мен балаларын тастап кетеді...
Ирвинг Стоун «Бейнет пен зейнет»
Ирвинг Стоун да биографиялық кітаптардың негізін қалаушы ретінде танымал. Америкалық жазушы бұл романын Микеланджелоға арнайды. 1965 жылы осы кітап бойынша киноновелла жарық көрді. Ирвинг Стоун сонымен бірге Камиля Писсарроның өміріне арналған «Иірім даңқы» романын да жазды.
Марина Пикассо «Пикассо – менің атам»
Пабло Пикассоның немересі өзінің автобиографиясын жазады. Отбасындағы жағдайларды ашып жаза отырып, шындықты көрсетеді. Пабло Пикассоны өзінен өзге ешкімді жақсы көрмейтін адам етіп суреттейді. Оны еш жерде атам деп атамайды. «Мен өз өмірім қалай өткенін ғана баяндаймын. Атамның имиджін құртып өзіме пайда келтіруді мақсат тұтқан жоқпын, тек отбасылық өміріміздегі шынайы жағдайлардың бетін ашқым келді. Егер менің атам данышпан болмағанда, оны сотқар, кісі өлтіруші адам деп қана таныр еді...»
Орхан Памук «Менің атым – қызыл»
Ежелгі заманда өмір сүрген суретшілердің тағдыры, ой-пікірі, дүниеге көзқарасы, махаббат, суретшіліктің қыр-сыры туралы кітап. Нағыз мықты суретші қандай болуы керек, несімен өзгешеленеді деген сұрақтарға жауап іздейді, одан да өзге шытырманға толы тұстары жетерлік. Романның ерекшелігі – «Мен Қарамын», «Мен Қызылмын», «Мені қылмыскер дейді» деген тақырыпшалармен әр адамның атынан жазылуында.
Ілияс Есенберлин «Ғашықтар»
Тақырып суретшілік болғанымен бұл романдағы басты кейіпкер Жантас – мүсінші. Мүсін жасаумен айналысатын жігіттің махаббат машақатын тартып, басынан өткізген оқиғалары, сан тағдырдың тоғысы, күтпеген шешіммен аяқталатын оқиға желісі баяндалады.