Сөз туралы сөз

"Сөз өнері дертпен тең" дейді дана халқымыз. Сөз – біздің бүкіл болмысымызға, бүкіл жан дүниемізге сіңген құдірет. Жақынымызға, айналамыздағы адамдарға ойымызды, пікірімізді һәм сезімімізді сөз арқылы білдіреміз. Сөздің де бірнеше түрі бар: жай сөз, бос сөз, мылжың сөз, жеңіл сөз, ауыр сөз, мағыналы сөз, т.б. Мың көңілдің жарасын жазатын да осы бір жылы сөз екені анық. "Бал тамған тілден у да тамады". Біз қаншалықты сөзімізді орынды қолданып жүрміз? Жалпы, сөз дегеніміз не? Халқымыздың асылдары бұл жайында не дейді екен?!

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені.

Сәбит Мұқанов

Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен, мағына жағының күштілігімен жағады.

Ахмет Байтұрсынұлы

Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.

Ғабит Мүсірепов

Түркіні бұзар - тәтті сөз.

Білге қаған

Сөз — істің елесі.

Демокрит

Адамзат баласы ойлап тапқан қарулардың ішіндегі ең жойқыны – сөз.

Пауло Коэльо

Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады.

Ыбырай Алтынсарин

Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады.

Ғабиден Мұстафин