- Негізгі бет
- Көкжиек
- Шырша жайлы шығармалар...
Шырша жайлы шығармалар
Алда баршамыз асыға күткен жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Әр жаңа жыл жақындаған сайын жаңа жетістіктер мен жақсылықтар күтеміз. Мерекеге қалай дайындалып жатырсыз? Үйіңізге шырша құрып, оны әдемілеп безендіріп қоюды ұмытпаңыз. Жаңа жылдың сәні ол, әрине, шырша екені даусыз. Біз сіздерге осынау мереке қарсаңында жаңа жылға байланысты кітаптарды оқуға ұснамыз. Бұл шығармалар осы бір мерекенің сәні болған шырша жайында.
Ч.Диккенс «Жаңа жылдық шырша» («Рождественская елка»).
Әйгілі ағылшын жазушысының әңгімесі балалық шақта өткен жаңа жыл естеліктерін еске алу іспетті жазылған шығарма. Бұл еске алу қаһарманды ертегілер еліне жетелеп, ойыншықтар әлеміне жан бітеді. Жазушы үшін бала кездің ертегісі бұл символы жаңа жылдық шырша саналған, адамға жан жылылығын сыйлайтын толық пәк қалпында қалған мейірім әлемі.
О'Генри «Тосын сыйға толы шырша» («Елка с сюрпризом).
Бұл таңғажайып жаңа жылдық естелік шыршамен, аяз атамен, сонымен бірге әсемд де ерекше сыйлықтармен тығыз байланысты. Автор тіпті күмәншіл адамның өзін таңғажайып кереметке сендіре біледі. Туындыны оқи отырып, мерекелік көңіл күйге бөленіп қана қоймай, ғажайыптардың тереңіне батып кетесіз.
С.Черный «Күміс шырша» («Серебряная ёлка»).
Жаңа жылдың ғажаптығын бір сәт көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Терезеңізді қырау шалып, үй шатырынан қысқы суық желдің уілін естисіз, ал, үйдің ортаңғы бөлмесінде күміс шырша тұр. Дәл осындай мерекелік жылылықты күміс ғасырдың ақыны керемет суреттеп, жеткізген.
М.М.Зощенко «Шырша» («Ёлка»).
Аталмыш шығарма балалардың жаңа жыл мерекесін, үйге келетін қонақтарды, сыйлықтарды сондай тағатсыздықпен, қалай асыға күткені жайлы баяндайды. Ар жағы қалай болды? Күлкілі шығарманың ар жағын білу үшін тезірек оқуға асығыңыз. Көңілсіз сәттері де сіздің жан дүниеңізге әсер етеді.
Ф.М.Достоевский «Христтағы шырша іздеген бала» («Мальчик у Христа на елке»).
Орыс классигінің өте ауыр әрі көңілсіздеу шығармасы анасынан айырылып, үйсіз-күйсіз қаңғырып, жаңа жыл қарсаңында суық аязда жалғыз қалып қойған бала жайлы. Оған көңіл күйіңізді түсірмеңіз. Ол көше кезіп, қай жақтан жылы леп пен жарық байқалады, ұзын, биік шыршалар қай жерде тұрады деп терезелерден көз алмайды. Жан-жағы толған көңілді, бақытты құрбы-құрдастары. Көше кезіп, адасқан бала ақыр соңында шыршаны іздеп табады.
Ж. Жұмағұлов