Шырайлы Шығыс елін қай шайыр жырына қоспады? Сұлулығымен де, даналығымен де әлем жұртшылығын таңғалдырған шығыс елі кімді болмасын елең етпей қоймасы анық. От ауызды, орақ тілді ақындар да шығыстың сұлулығын жырлап тауыса алмаған шығар, сірә. Шығыс даналығының кәусарынан қанып ішкіңіз келсе, ұсынғанымыздан ұрттап көріңіз...
***
Ескекті қолдана алмасаңыз, қайықты ауыстырудың қажеті жоқ.
***
Сіз үндемей қалғаныңыз үшін ешқашан өкінбейсіз.
***
Жалғыздықта - ойыңызға,
Отбасыңызда - мінезіңізге,
Таныстар арасында - тіліңізге ие болыңыз.
***
Ешкімге ашулы кезде жауап берме, қуанышты кезде уәде берме, ал қайғырып тұрғанда шешім қабылдама.
***
Өзгергің келсе, батыл бол.
Мүмкін емес істерді жасағың келсе, төзімді бол.
Қай кезде батыл, қай кезде төзімді болу керектігін білгің келсе, ақылды бол.
***
Егін піссе, басын төмен түсіреді, адам байыса, басын жоғары көтереді.
***
Ештеңені білмейтін, бірақ ештеңе білмейтінін түсінбеген адам – ақымақ. Оны айналып өт. Ештеңе білмейтін, бірақ өзінің білмейтінін түсінген жан – шәкірт. Оған білім үйрет. Барлығын білетін, бірақ білетінін түсінбеген адам – ұйқыдағы жан. Оны оят. Барлығын білетін және білетінін түсінген жан – данышпан. Оны ұстаз тұт.
***
Әйел - гүл. Жігіт - бағбан. Бағбан жақсы күтім көрсетсе, гүл әдемі өсіп шығады.
***
Серттеспесе, сезім бекер. Сыйластық болмаса, махаббат шынайы емес. Сенім жоқ жерде ештеңе өнбейді.
***
Шешімі табылатын мәселені уайымдаудың қажеті жоқ. Шешімі табылмаса, уайымдағаннан пайда жоқ.
***
Бір тасқа екінші рет шалынба! Бірінші рет шалынған соң оны жолыңнан алып таста.
***
Көңіл-күйіңнің кілтін басқаларға берме. Сонда қуанышты сәттеріңді сенен ешкім ұрлай алмайды.
***
Реніштерді құмға, қуаныштарды тасқа жазып үйрен.
***
Әйелдің арын қорғай алған ел түбінде бәрін қорғай алады.