- Негізгі бет
- Көкжиек
- Шығармашылыққа 10 қадам...
Шығармашылыққа 10 қадам
Флобер айтпақшы: "Күнделік өмірде әділ әрі ретті (жүйелі) болған дұрыс - бұл жұмыста ынтық әрі сапалы болуыңызға жәрдемдеседі". Сіз ата-ананы таңдай алмайсыз, бірақ, ұстаз, дос, музыка, кітап пен киноларды таңдай аласыз. Біздің айналамыз қаншалықты мықты болса, біз де сондай боламыз. Бүкіл әлем - бұл сахна. Өзіңіз оқығыңыз келетіндей кітап жазыңыз. Шығармашылық уақытта иістің өзі де керемет тәжірибе сыйлауы мүмкін. Шығармашылық - қажет еместен бас тарту.
* * *
Остин Клеонның оқырманға ұсынар 10 ережесі:
Суретшінің ұрлығы
Әрбір суретші өз идеяларын қайдан алатындығы жөнінде ертелі-кеш жауап беруге тура келеді. Шыншыл суретшінің жауабы: "Мен оларды ұрлаймын". Айтылар сөз осы ғана. Әрбір суретші мұны түсінер.
Кез келген жаңа жобада ескі ойлардың жұрнағы жүреді немесе бір ойлардың өзгертілген түрлері болып шығуы да ғажап емес.
Тағы бір жақсы мысал, менің айтқалы отырғаным - генетика жайлы. Сіз өз әкеңіз бен шешеңіздің генімен жүресіз, бірақ, сол тұста ата-ана қасиеттерінің топтамасы болып саналмайсыз. Сіз - одан да зоры, ата-ананың және арғы ата-баларыңыздың жаңа нұсқасы саналасыз.
Сіз ата-ананы таңдай алмайсыз, бірақ, ұстаз, дос, музыка, кітап пен киноларды таңдай аласыз.
Шын мәніне келгенде, сен - өмірге не сыйлайсың, сен солсың. Сен - саған әсер етіп жатқан сандық мөлшерсің. Гете қалай айтушы еді: "бізді жасайтын және қалыптастыратын, ол біздің нені жақсы көргеніміз"- демеп пе еді.
Суреткер - бұл коллекция жиюшы. Көзге көрінсе болды, талғамсыз жинай беретін ашкөз сараң емессің, коллекция жиюшы - шындап жақсы көрген нәрселердің мақсатпен жинаушы.
Біздің айналамыз қаншалықты мықты болса, біз де сондай боламыз.
Менің шешем маған «Қоқыс есік алдында — қоқыс есік алдында» деп айтқанды жақсы көруші еді. Бұл мені есімнен таңдыратын. Бірақ, енді мен қазір түсініп отырмын, не айтқысы келгенін. Сіздің тапсырмаңыз - идеяларды жинау. Мұның ең керемет жолы - оқу. Оқу, оқу, оқу, оқу, оқу. Газеттерді, ауа-райын, жол белгілерін, бейтаныстардың жүздерін. Сіз неғұрлым көп оқыған сайын, соғұрлым сізге әсер етер таңдау да көбейе түседі.
Өзіңізге шын ұнайтын жазушыны таңдаңыз. Оның бүкіл шығармаларын тауып алыңыз. Оның не оқығанын біліңіз. Және соның бәрін оқып шығыңыз. Жазушының генеалогиялық ағашының үстіне шығып алыңыз.
Ойларды ұрлаңыз және болашаққа сақтап қойыңыз. Үнемі түртіп аларға күнделік ұстар жүріңіз. Кітаптарға жазыңыз. Журналдардан жыртып алып, үстел үстінде коллаж жасаңыз. Суретшідей ұрлаңыз, жымқырыңыз.
Әрекет ету үшін күтіп тұрудың қажеті жоқ
Өткен жылы "Кеңсе" телесериалында Дуайтаның рөлін ойнаған Рэйн Уилсон туралы бейнебаян жүрді. Шығармашылық туралы ой пішіп отырып, ол қаншама адамның өз идеясынан бас тартатындай сөздерді айтты: "Егер сіз өзіңіздің кім екеніңізді және не үшін өмір сүретініңізді немесе неге сенетініңізді білмесеңіз, іс жүзінде шығармашылықпен айналысу мүмкін емес" - деді.
Егер мен "мен кіммін" және "не үшін өмір сүремін" деген сөздерді "шығармашылықпен айналысудан" бұрын күтіп, ойланып отырар болсам, мен әлі күнге іссіз, өзімді табумен, жай ғана бір нәрсені жасаудың орнына жұмыссыз отырар едім. Өзімнің жеке тәжірибемнен алар болсам - еңбек уақытысында біз өзіміздің кім екенімізді түсінеміз.
Сіз қазірден дайынсыз. Жасай бастаңыз. Мүмкін,сіз үрейлісіз. Бұл түсінікті. Оқып-тоқыған адамдарда болатын бір ерекшелік бар. Ол "жалған атақты иемденушінің синдромы" деп аталады. Медицияналық сипаттамасына сенер болсақ, осы бір "адам өзінің жекелеген жетістіктерін толық қабылдай алмайтын психологиялық құбылыс". Ол өзін бәрін жорамалдап жасайтын алдампаз сезінеді, ал шын мәнінде өзінің не істеп жатқанын да білмейді.
Және білесіз бе? Ешкім де түсінбейді. Бірде газет беттерінен сөздердің астын сызып бастағанда, мен аз да болсын өзімнің не істеп жатқанымды түсінген жоқпын. Бар білгенім, өзімнің сау екенімді. Бұл жұмыс емес, ойын секілді көрінді. Кез келген жақсы суретшіден сұраңыз және ол шындықты айтады - шедевлердің қайдан келетінін ол білмейді. Ол жай ғана өз ісін істейді. Әр күн сайын.
Сылтауратыңыз, әлі еш нәрсе орындалмайынша. Маған бұл тіркес ұнайды. Оның екі мағынада түсінуге болады: жетістікке жетпейінше, өзгелер сені өзін қалағандай көргенше, сылтауратыңыз (ұқсап бағыңыз). Немесе - шындап бір нәрсені жасап үйренбейінше, ұқсап бағыңыз. Маған бұл ойлар қатты ұнайды.
Маған тағы Патти Смиттің "Just Kids" кітабы ұнайды. Бұл суретші болып үйрену үшін екі достың қалай Нью-Йоркке келгені туралы оқиға. Білесіз бе, олар мұны қалай жасады? Олар өздерін дәл суретшідей ұстады. Менің ең жақсы көретін, кітаптың ең маңызды, басты тұсы - қайыршыдай киініп алған Патти Смит және оның досы Роберт Мэплторп халық көп жүретін Вашингтон-Скверге жол тартады. Бір кемпір оларға тесіле қарап қалып, еріне былай дейді: "Суретке түсір. Менің ойымша, олар суретшілер". "Жоқ" - деп ол басын шайқайды, - олар жай ғана балалар".
Бүкіл әлем - бұл сахна. Шығармашылық үшін сізге де сахна, костюм, сценарий керек. Сахна - бұл сіздің жұмыс кеңістігіңіз. Бұл студия, жазу үстелі немесе нобайларға арналған альбом болуы да мүмкін. Костюм - бұл сіздің жұмыс киіміңіз - сіз сурет салатын арнайы шалбар, сіз жазатын үй аяқ-киімі, немесе сізді қанаттандыратын ғажап бас киім. Ал сценарий - бұл уақыт. Сағат мұнда, сағат анда. Пьесадағы сценарий - әр эпизодқа бөлінген уақыт қана.
Ешнәрсе жасалмай жатса, ұқсап бағыңыз.
Өзіңіз оқығыңыз келетіндей кітап жазыңыз
Мен бұл киномен қиялдадым - 10 жасар барлық балалар секілді. Өзімнің провинцальды қаламдағы кинотеатрдан шыққан кезде, мен жалғасын күтіп тұрдым.
Қысқа оқиға тартайын. "Юра дәуірінің паркі" мен 10 жасқа толғанда прокатқа шықты.
Келесі күні мен өзімнің жасыл мониторлы ескі компьютерімен отырдым да, жалғасын өзім жазып шықтым...
Жазушылыққа енді ден қоя бастаған қаламгер әруақытта не туралы жазуға болатын жайлы сұраққа беріледі. Әдетте оған былай деп айтады: "Нені жақсы білесің, сол туралы жаз". Нәтижесінде үнемі еш қызық емес жаман оқиғалар түзіледі. Сондықтан, ең үздік кеңес - білетінінді жазбау, қалағанынды жазу.
Біз жанымызға рақат сыйлағандықтан, шығармашылықпен айналысамыз. Барлық көркем әдебиеттер - бұл, шындап алғанда, фан-фикшн. Немен айналысатыныңызды шешудің ең үздік жолы - неге қол жеткізгіңіз келеді, соны ойлау, әлі жасалмаған болса, соны жасаңыз. Өзіңіз қарағыңыз келген картина жасаңыз, өзіңіз тыңдағыңыз келген музыка тудырыңыз, өзіңіз оқығыңыз келген кітап жазыңыз.
Қолмен пайдалыныңыз
Менің сүйікті мультипликаторым Линда Барри бір жолы былай деді: "Сіздің қолыңыз - бұл ең озат сандық девайс". Колледжде жазушылық машыққа ден қойып жүргенде, біздер "Times New Roman" шрифтысымен жазып, өз мәтінімізді өткізетінбіз. Әр жолы менің жазғаным шимақ болатын. Сосын, арада қолмен жаза бастаған күннен бастап, жұмыс қыза бастады әрі өнім сапасы арта түскені байқалды.
Компьютерден қаншалықты алшақ болсам, соншалықты менің идеяларым да құнарлы шығады. Microsoft Word - бұл менің қас жауым. Мен барлық уақытта оны жұмыста пайдаланам, сондықтан қалған уақытта байланыспауға тырысамын.
Менің ойымша, жазушылық физикалық процесс бола түскен сайын, шығарма да үздік жазыла бастайды. Қағаз бетіндегі сияны сезінесің. Қағаздарды үстел үстіне таратып қойып, жинап алуға болады. Мәтінді қарауға қолайлы болған тұсқа қоюға мүмкіндік бар.
Шығармашылық уақытта иістің өзі де керемет тәжірибе сыйлауы мүмкін.
Бастан шыққан өнердің артықшылығы, еш өнегелелігі жоқ. Кез келген талантты музыкантшыға қараңызшы, сонда барып менің не айтқалы тұрғанымды түсінесіз. Мен өлең құрау уақытында мұның жұмыс екенін сезінбеймін. Бұл ойын сияқты. Менің кеңесім: денеңізді жұмысқа көңіл бөлетіндей әдіс табыңыз. Қабырғаға салыңыз. Жұмыс уақытында түрегеп тұрып істеңіз. Киімдерді үстел үстінде ашыңыз. Қолды пайдаланыңыз.
Бейтаныс жобалар және хобби - маңызды нәрсе
Суретші болған уақытта менің бір түсінгенім, бөгде жобалар да ой тастайды екен. Алғашында одан келген ойларды маңызсыз санадым. Жай ғана ойын. Алайда, бұл нәрселердің өз бағасы бар екендігін білгенде - сонда барып оларда бір сиқырдың барын аңғардым. Менің "түртіп" алатын өлеңдерім шеттен келген жоба болатын. Егер мен тек қана қысқа әңгімелер жазумен айланысқан болсам, егер мен өзіме сынақ жасап көруге еркіндік бермеген бослам, онда мен дәл осы адам болмас едім.
Хоббидың бар болуы да бір маңыздылыққа ие. Еріктен тыс еркіндік. Менің хоббиім - бұл музыка. Менің шығармашылығым барлығына бағытталса, ал музыка - тек қана маған және достарыма. Әрбір демалыс күні басымыз қосылады, бір-екі сағат даңғаза шу қоямыз. Және бұл керемет. Демек, кеңес мынау: жұмыссыздыққа уақыт бөліңіз. Хобби табыңыз. Бұл сіздің қолайыңызға жағады, және сіз сіз қызығушылығыңыз қайда әкеліп соғатынын білмек емессіз.
Маған көптеген жас суретшілерден хаттар келіп жатады, онда менен өз көрермендерін табу жолын сұрайды. "Біреу мені танитындай (ашатындай) қылып қалай жасауға болады?" Мен оларды жақсы түсінем. Колледж біткен аралықта менің басымда да бірқатар абыржулар, абдыраулар болды. Оқу сыныбы - бұл керемет, соған қарамастан шығармашылыққа жасалған жасанды орын - профессорға сенің идеяларыңмен айналысқаны үшін ақша төлейді, ал сенің курстастарың сол идеяларға қызығушылығы үшін төлейді.
Өміріңізде ендігәрі ешуақытта мұндай көзіқарақты көрермен болмайды. Алайда, көп ұзамай әлемнің сіздік ойларда шаруасын жоқтығын білетін боласыз. Бұл, әрине, ашындырады, бірақ, бұл солай. Стивен Прессфилд айтпақшы, "бұл дегеніміз адамдар оқу-ғылымсыз немесе қатігез деген сөз емес, олар жай ғана қолдары бос емес". Егер аудиторияны жаулап алудың қандай да бір жолы болар болса, сізге айтқан болар едім. Бірақ, мен мұнша сапалы болмаса да, бір ғана формуланы білуші едім: "Жақсы жоба жасаңыз және оны көпшілік көре алатын жерге іліп қойыңыз".
Аталған процесс 2 кезеңнен өтеді:
1 қадам: "Жақсы жоба жасаңыз" - азапты ауыр. Және мұнда тез жетістікке жетудің құлақ қылтиған жолы тұрған жоқ. Өз идеяңызбен әр күн сайын шұғылданыңыз. Сәтсіздіктерге ұшыраңыз, керемет қылып жасаңыз.
2 қадам: "Жобаны көпшілік көретіндей болсын" - 10 жыл бұрын қиын болатын. Енді еш қиындық жоқ - "жобаны интернетке салыңыз".
Өзге таңғалмайтын заттарға сіз таңғалуыңыз қажет. Егер біреу алманы ғажап деп тауып жататын болса, апельсинге таңғалыңыз. Суретші болу жолында көп үйренген нәрселерімнің бірі - адамдармен сезімін туралы қаншалықты ашық бөлісер болсаң, соншалықты ел-жұртқа да сенің өнерін ұнай түседі. Суретшілер - сиқыршылар емес. Өз сиқырыңды ашу жолында ешқандай жазалау күтіп тұрмайды.
Сондықтан менің кеңесім: интернет-бағдарламаларды меңгеріңіз. Вебсайтты қалай жасайтындығын, блогта қалай жұмыс жасауға болатындығын біліңіз. Интернетттен сіз ұнатқан нәрселерді ұнататын, сіз жақсы көрген нәрселерді жақсы көретін адамдарды тауып алыңыз, олармен әңгімелесіп тұрыңыз. Идеялармен бөлісіңіз.
География бұрынғыдай бізді басқармайды
Қазір өмір сүріп жатқаным үшін, мен өзімді бақытты сезінемін.
Оңтүстік Огайоның жүгері алқабы алып жатқан иен даланың ортасына туып өстім. Бала болған күндерде менің жалғыз ғана тілегім болды - суретшілердің ортасына түсу. Оңтүстік Огайодан сытылып шығып, оқиға орын алып жатқан орынға тұру арманым еді.
Қазір мен Техастағы Остинде өмір сүремін. Жалпы айтқанда, керемет елді-мекенде. Айнала қаптаған суретшілер және шығармашылық адамдары.
Және білесіз бе? Менің әріптестерім мен тәлімгерлерімнің 90 пайызы Остинде тұрады. Олар интернетте өмір сүрып жатыр. Менің жобаларымның дені көпшілігі, әңгімелесулерім мен шығармашылық таныстығымның барлығы желі арқылы жүреді. Шығармашылық студиялардағы реалды қарым-қатынастың орнына, мен дос-жарандарды твиттер мен Google Reader ортасында орнаттым.
Бүкіл өмір кездейсоқтық.
Жақсы адам болып көрінуге тырысыңыз (өйткені, өмір тау қуыс)
Курт Воннегут: "Мен мен бір ғана ережені білемін: құрып кеткір, жақсы адам болуы керек"- дейді. Алтын ереженің мына біздің тар қуыс заманда нарқы арта түсті. Маңызды сабақ: егер сіз біреу-міреу туралы интернет бетінде айтар болсаңыз, сол адам мұның үстінен түседі. Барлығы өз аттарын гугл-іздегіштен қарастырады. Жауларынды интернетте тізе бүктірудің ең үздік жолы - елеп-ескермей қою. Достар табудың ең үздік жолы - оларды туралы жақсы пікір айту.
Кісі жалықтыратын болыңыз (бұл бір нәрсе жасауға жалғыз ғана әдіс)
Флобер айтпақшы: "Күнделік өмірде әділ әрі ретті (жүйелі) болған дұрыс - бұл жұмыста ынтық әрі сапалы болуыңызға жәрдемдеседі". Мен сағат 9-дан 17-ге дейін жұмыс істейтін, тыныш ауданда әйелімен және итімен өмір сүретін кісі жалықтыратын жанмын.
Менің жеке басыма әсері болған кеңестер:
— өзіңізді сақтаңыз;
— таңға асты ішіңіз, турникке тартылыңыз, қалыпты ұйықтаңыз. Есіңізде болсын, жоғарыда айтып кеткендей, жақсы өнер денеден тарайды?
— қарыз алмаңыз;
— Қарапайым өмір сүріңіз. Әр тиынды үнемдеңіз. Қаржылық ашу-ыза азаттығы шығармашылыққы еркіндік дегенді білдіреді;
— күндізгі жұмыс табыңыз да, содан айырылмаңыз. Мұндай жұмыс табыс келтіреді. Паркинсонның заңы былайша тұжырымдалады: жұмыс уақытты дұрыс реттестіруге көмектеседі. Мен сағат 9-дан 17-ге дейін жұмыс жасаймын, және шығармашылыққа да сонша уақыт жұмсаймын.
— күнделік және күнтізбе жүргізіңіз. Сізге алда тұрған және өтіп кеткен істердің тізімі керек. Өнер бірқалыпты баяу еңбекті қажет етеді. Күніне бір күн жазу түк те емес. Мұны жылына 365 күн қайталаңыз және сізде үлкен бір повесть дүниеге келеді. Күнтізбе сізге жұмысты реттестіруге, жоспарлауға көмектеседі.
Мықты отбасын құрыңыз. Сізге жасауға тиіс істердің ең маңыздысы, кезек күттірмейтіні осы. Жақсы әйел сенімді серігіңіз болып қана қоймай, сонымен бірге әріптесіңіз, досыңыз, үнемі қасыңыздан табылатын жора-жолдасыңыз болады.
Шығармашылық - қажет еместен бас тарту
Суретшілер ақыр аяғында өнерін қызғылықты қылатын нәрсені бастапқыда керек қылмай жатады. Біздің ақпараттық ғасырда жетістікке жететіндер нені тастау керектігін, нені тастамау керектігін ұғына алады. Өзінді бір нәрсеге арнау, өзге бір нәрселерден бас тарту дегенді білдірсе керек. Бұл дұрыс және өнерге деген ілтипат.
Шығармашылық - бұл біздің қатарға қосатын істеріміз ғана емес, сонымен бірге бас тартатын да істеріміз. Немесе сызып тастаймыз. Міне, менің бар айтқым келгені, абзалы, осы болар.
Аударған: Фараби Арыстанбек
Cурет: mann-ivanov-ferber.ru
Л. Лига