Қазақтың дарынды жазушысы Шерхан Мұртазаның "Бір кем дүние" атты атты ой-толғаныс кітабы – оқырман қауым іздеп жүріп оқитын қажетті дүниеге айналды. Жазушы осы кітабында біз күнделікті тұрмыста қолданатын "келі" сөзіне қатысты ойын білдіреді. Расында, өлшем бірлік ретінде қолданып жүрген "келі" сөзі дұрыс па? Бұл туралы ойланып көрдіңіз бе?
Келі дейді. Қай келі? Бидай түйетін, тары түйетін, арпа ақтайтын келі болушы еді. Келі мен келісап баяғы қазақ ауылының үй шаруасындағы басты құралдарының бірі еді.
Дәл осы заманда газеттер "келі", "келі" деп жазады. Қай "келі" десең кәдімгі орысшадан келген "кило" екен. Яғни – килограмм.
Ал енді оның "келі" болып кететін қандай қисыны бар? Күні кешегі келі-келісап кәзір қолданыстан шығып қалды деп оның негізгі мағынасын өзгерте береміз бе?
Өткенін ұмытып кетпеу үшін жарықтық Аяз би бабамыз:
– Аяз би, әліңді біл,
Құмырсқа, жолыңды біл! – деп қаудырақ тонын босаға жаққа іліп қойған екен.
Бұл заманда келі мен келісап үйіңде болмаса да, музейде тұр. Ұмытып кетпес үшін.
Алдыңа қарап тірлік ет. Өткенге қарап шүкірлік ет!
Шіркін, бір кем дүние