Сәлем хаттағы махаббат

Джон Робсон дүниеге келгенде кемтар болып өмір есігін ашты. Ес білгенінше талып жатты. Сол қолы мен көзі ғана жарық дүниеге деген талпынысын тоқтатпайтын. Ол қараңғы бөлмеде жатып, күні-түні кітап оқитын. Мерзімді басылымдардың бәрін қалдырмай қарап отыратын. Ол ішінен: «Осындай аз болса да жарықты көре алғаныма шүкір, ол мені үміткер болуға жетелейді» деп ойлайтын. Ол ұзақ-ұзақ ойлар мен қиялдар құшағында жатып, бұл дүниеден бірдеңе күткендей болатын.

Бір күні Робсон газеттен мынадай бір мақаланы көрді. Мақалада көрші ауданда 29 жасқа келген, екі қолынан басқа денесі бүкілден сал болып қалған Милиз есімді қыз таныстырылыпты. Робсон мақаланы оқып, көзіне ыстық жас алды. Ол әрең көретін көзімен оң иығына таянып отырып Милизға хат жазады, әрі оның рухы мен өміріне шабыт сыйлайтын көптеген демеу сөздер жазады. «Менің маңдайыма аз да болса жарық дүниені көріп, өзім сияқты бақытсыз жанға хат жазып, онымен танысуға орай берді. Мен сол қолыма сүйеніп тұрмыс кешірем, дала бетін көрмеймін. Мен өмірге келерден бұрын тағдырым осылай жазылған сияқты».

Ол хатының соңында: «Менің көптеген көңілді шаруаларым бар, оларды сізбен бөлісуді қалаймын. Жауап хат жазыңыз» дейді.

Үш айдан кейін Милизден жауап хат келді. Ол хатында екі ай жұмсап әрең жазып болғанан айтады. «Бұл неткен жапалы, әрі ұлы іс еді. Мен өмірімде мұндай ләззатты мүлде басымнан өткізбегем, әрі оны таптым. Тұрмыстың сондай тамаша екеніне көзім жетті».

Осыдан кейін екеуі хат алысып тұрды.

Бір күні Милиз хатында: «Екеуміздің бірге тұрмыс кешіруіміз мүмкін болмаса да, біздің жан-дүниеміз бір-бірімізге сүйеніш болып, бір-бірімізге күйінетін жұбай болсақ, бұған қалай қарайсың?» деп жазыпты. Робсон: «Сүйіктім Милиз! Сіз батыр, ақылды, адал, әдемі, жақсы қыз екенсіз. Сіздің талабыңызға қосыламын. Сүйіктім, сіз бұл хатты тапсырып алғанда, екеуміз ерлі-зайыпты болған боламыз. Бұл дүниемен қоштасқанда бір жерде болсақ деймін».

Махаббат тастанды болған екі бейбақты қайта өмірге әкелді. Олар тұрмыстарын жаңадан бастап, қараңғы дүниеге өр рухтарымен соққы берді. Робсон 1994 жылы 63 жасында өмірден озды. Оның өлім хабары Милизға жетісімен, ол да өмірмен қош айтысқан екен. Туысқандары ол екеуін бір жерге жерлепті.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: zhizhunbaixingdiandeng.blogspot.com