Саған бақыт тілеймін!

Саған бақыт тілеймін!

Бүгін оның туған күні болса да, мүлдем қуана алған жоқ. Жаны сүйген аруы осыдан он күн бұрын бақилық болған. Ақыл айтқан достарына «Менің жүрегім махаббатыммен бірге көмілген» дейтін де қоятын. Дәл сол күні түс ауа ішінде ақ параққа әдемілеп салынған жапырақтың суреті бар құттықтау хатын алды. Жасыл жапырақтың басына «Саған бақыт тілеймін!» деген сөз жазылыпты. Хатта: «Менің кім екенімді білмей-ақ қой, іздеп те әуре болма, тек мына дүниеде саған үнсіз ғана бақыт тілейтін бір жанның бар екенін білсең болды! Жарық күнге, көркем табиғатқа қарашы, қандай керемет! Баяғысындай ыстық ықыласқа, терең сүйіспеншілікке толған. Туған күніңмен!» деп жазылыпты.

Ол қайта-қайта оқыды, аударып-төңкеріп қарады. Кім екен? Аласұрып қайда барып іздерін білмеді. Хат жіберушінің аты жазылмаған. «Кім екен деші?». Ол өзінен-өзі сұрай берді. Ойы кенеттен конвент сыртындағы мөрге түсті. Арнайы тапсырысқа ғана басылатын мөр. Ол поштаға жүгірді. Қызметкерлер оған осыдан екі ай бұрын бір қыздың келіп өзінің айықпас ауруға шалдыққанын, аз күндік ғұмыры қалғанын айтып, бұл хатты екі айдан кейін дәл осы күні, осы мекен-жайға жіберіп берулерін өтінген екен. Ол бұл хатты жазған адамның басқа емес, дәл өзінің сүйген аруы екенін білді. Жүрегі қан жылады. Бірақ, оның рухы пәс тартқан жоқ. Шынымен де мына жарық ғаламда оған шексіз бақыт тілеп, әрқашан есіне алып отыратын бір адам бардай көрінді.

«Жаным, мен сені сүйем!» деді ол ішінен.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sheknows.com

M. Auelkhan