Бізге белгісіз бір басылымының тілшісі Рэй Брэдбериге:
- 1950 жылы «Марс шежірелері» әңгімелер жинағымен әлемдік атаққа қол жеткіздіңіз. Әлгі кітапта былай баяндалады: "Екі мыңжылдықтың бас кезінде Марста қоныс-мекендер болады, жерден барғандардың үлкен қалалары орнайды". Ақырында мұның бірі де орын алмады. Неге? Сіз қалай ойлайсыз? - деп сұрақ қойыпты.
Болашақтың кертарпа "пайғамбары", утопия жасаушы өз кезегінде былай деп жауап берген екен:
- Осы сұрақ төңірегінде менен сұрайтындар көп және мен әр жолы жауаптарға қиял қосуды жақсы көремін. Енді, әртүрлі болуы үшін ғой! Онда, бүгінгі күннің жауабы: өйткені адамдар - нақұрыстар. Ал, әйтпесе, қаншама ақымақтық жасамады: иттерге арналған костюмдер, жарнама менеджерлерінің құзыры және айфон секілді бірнәрселер. Сонысынан опа тапты ма? Қышқыл мен жын-жыбырдан басқа түк те алған жоқ.
Ал егер біз ғылымды дамытып, Ай, Марс, Шолпанды зерттегенде... Кім біледі, бүгінде әлем басқаша болар ма еді? Адамзатқа ғарышқа ұшуға мүмкіндік берді, бірақ, адамзат күнделікті тұрмысты өтеумен ғана айналысқысы келеді. Ол қатарда сыра ішу, сериал қарауды айтсақ та жетіп жатыр.
Менің сөзіме, сіз, аса мән беріп отырмаған сияқтысыз, менің сөзім қарттық күңкілден құралған ғой (бір күліп алған). Әне-міне дегенше, жүзге келіп қалыппын...(Өткен жылы 91 жасында дүниеден озды).
Қанатты сөздері:
Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Ол – оларды оқымау.
* * * *
Егер біз ақыл-ойымызды тыңдар болсақ, онда бізде ешқашан махаббат болмас еді. Ешқашан достық та болмас еді.
* * * *
Адам он жеті жасқа дейін бәрін білетін болады. Егер сол адам жиырма жеті жаста да баяғыша бәрін біліп тұрса, онда ол әлі он жеті жаста деген сөз.
* * * *
Өмірден бірінші білуің керек нәрсе - өзіңнің ақымақ екендігің.
Соңғы білетінің - сол баяғы ақымақ болып қала бергендігің.
Сурет:facte.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек