Рабиндранат Тагордың күнделігінен

Рабиндранат Тагордың күнделігінен

... алайда, өлең жазу әлде қандай бір болмысты түсіндіру үшін бе? Жан-жүрегіңде белгілі сезім туылуы болмыстан бір жыр формасын тапқаның секілді. Сондықтан, кімде-кім жырларымды тыңдап болғаннан кейін, түсінбедім десе, мен қатты құлазимын. Егер бір адам гүлдің хош иісін иіскеп, сосын түсінбедім десе, оған берілетін жауап: «Мұнда түсінуге тиісті ешнәрсе жоқ, бұл бір түрлі иіс қана!» Мүмкін ол: «Бұны білемін, бірақ мұның не мәнісі бар?» дейтін шығар. Ондай кезде тақырыпты басқаға бұрар едім. Немесе тіпті де дәлірек шығар, былай дер едім: «Хош иіс әлемдегі кіршіксіз қуаныштың гүлде бейнеленуі...»

... сезімнің туылуы бір негіздік болмыстың түсіндірмесі емес немесе бір ғылымдық шындық, көңілге қонуға тиіс сабақ та емес. Бір тамшы көз жасы мен күлімсіреу секілді, ол тек ішкі жан-дүниенің бір парша суреті ғана. Егер ғылым мен пәлсапа жыр дүниесінен керегін іздесе, онда мархабат, ала берсін, бірақ, жыр бұл үшін қызмет етпейді. Қайықшының қайығымен судан өтерде, егер бірер балық аулай алсаңыз, сіздің бағыңыздың болғаны. Бірақ, бұл үшін өзеннен өтетін қайық балықшының қайығы болып қалмайды немесе қайықшыны балықшы болмадың деп кінәлай да алмайсыз...

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: stihi.ru

M. Auelkhan