- Негізгі бет
- Көкжиек
- Пушкин де әзілдейтін...
Пушкин де әзілдейтін болған
Пушкин лицейде оқып жүрген кезде, барлық білімгерлерді қатал тәртіппен қадағалайтын Трико есімді гувернер (қазіргі директор) болған екен.
Бір күні Пушкин мен оның досы Вильгельм Кюхельбекер Петербор қаласына баруға рұқсат сұрайды. Ал Трико оларды босатпайды. Сол кезде ер жетіп қалған жігіттер гувернердің рұқсатынсыз қалаға шығып кетеді. Жол жөнекей қалаға бағытталған арбаларға екеуі екі бөлек мінеді. Трико олардың рұқсатсыз кеткенін білген соң, артынан қуып жетпек болады.
Ол кезде қала қақпасының алдында ішке кірушілердің не мақсатпен келгендерін тексеріп отыратын полицейлер тұратын болған. Пушкин қаланың қақпасы алдында өзін Александр Одинако (Один - бір) деп таныстырады. Ал Кюхельбекер болса: "Менің атым Василий Двако (Два - екі)", - дейді.
Біраз уақыттан кейін қала сыртына гувернер де жетіп, тегін Трико (Три - үш) деп таныстырады. Одинако, Двако және Трико деген тектерді қатарынан есіткен сақшылар, бұл жай кездейсоқтық емес деген пайымға келіп, Триконы тексеру мақсатында бір күндік қамауға алған екен.
Сурет: madame-pamira.livejournal.com
Оқи отырыңыз:
Мұстафа Кемал Ататүрік – әлемдегі он ұлы көшбасшының бірі
Таяу шығыста табылған көне қоныс хеттердің мекені болуы мүмкін
Рашмор тауында неге президенттер бейнеленген?
Ж. Өрісбай