«Литсостав» – ашық әдеби кеш. Әр айдың соңғы сәрсенбісінде Artparavoz және Меломан дүкендер желісінің ұйымдастыруымен өтетін поэзия кештерінде қонақ болдық.
Екінші маусымды алматылық ақын Сергей Алексеенок басқарды. Ол өз алғысөзінде Ұлттық аза тұту күнін айтып, марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Әрмен қарай, өлең тізгіні босады. Бір айта кетерлігі – өлеңдер жетігеннің сүйемелдеуімен оқылды. Қорлан Картенбаеваның жетіген аспабында ойнап, Сергейдің өлең оқуы өзгеше бір әсер қалдыратынын да айта кетейік.
Ал «ZITABL» дуэті музыка мен поэзияның үндесуінен туған арт-жоба. Оны суретші, журналист Зитта Сұлтанбаева мен суретші-музыкант Әбіләкім Ақмолдаев. Дуэт халықаралық көрмелер мен биеналдарда бірнегше мәрте өнер көрсеткен. Бұдан басқа, көптеген жаңашылдық пен дәстүрді араластырған эксперименталды қойылымдар ұйымдастырған.
Сергей Алексеенок бірнеше өлеңін оқыды
Қорлан Картенбаева жетігенде...
«ZITABL» дуэті
Жаңа жылдық жаңашылдық
Осылай киінген қыз да өлең тыңдауға келіпті
Мұндай жиынның негізгі мақсаты әдебиетті әйгілендіру, оқырман жұртшылыққа қазіргі ақындарды таныстыру. Жаңашыл поэзиямен танысуға, жаңа орта табуға талпынсаңыз, «Литсоставта» кездескенше!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: ebayimport.com