Өзін-өзі жетілдіру, үнемі дамытып отыру мақсатқа ұмтылған әр адамның басты міндеті. Олай дейтін себебіміз, мұндай қадамға бармасаңыз, көп адамның бірі боп қалу қаупі бар. Ал, мақсатшыл, арманшыл жас өзгеше ойлайды, жаңаша көзқарас қалыптастырады. Егер сіз де өзіңізді дамыту жайлы жиі бас қатырып, оның шешімін таппай жүрген болсаңыз, біз ұсынған кітаптарды оқып көріңіз!
1) Иван Брэндон "Жетілмегенше өлгенің артық" ("Меняйся или сдохни")
Бұл кітап сыншылар тарапынан жоғары бағаланған. Олардың айтуынша шедеврлердің шедеврі. Кітапты оқығаннан соң сіздің өміріңіз ғарыш ракетасының жылдамдығындай өзгереді. Сіз таныған әлем мүлде басқа қырынан танылады.
2) Джек Кенфилд, Джанет Свитцер "Ереже" ("Правила")
Әдеттегідей сізді шабыттандыратын стиль, бірақ берілетін ақпарат мүлде басқа. Сіздің өміріңізді жақсартатын 64 ереже бар. Өзін-өзі жетілдіргісі келген әуесқой оқырмандар аталмыш кітаптан жаңа, тың ойлар табады.
3) Вики Робин, Моник Тилфорд және Джо Домингес "Әмиян әлде өмір" (" Кошелёк или жизнь ”)
Сізге сөзсіз, ойланбастан бұл кітапты оқуға кеңес береміз. Ол сізге ақшаны қалай жұмсауды ғана үйретпейді, оған сіздің қарым-қатынасыңызды өзгертеді.
4) Брайан Моран "Жыл ішіндегі 12 апта" ("12 недель в году")
Қазіргі уақытта әлемде жүз күндік немесе 12 аптаға жоспар жасау өте танымал. Өзіңіз ойлап қараңыз, сізде бір ғана 2016 жыл емес, соның төртеуі бар. Байқап көруге тұрарлық кеңестер беретін кітап.
5) Даниэлла Лапорт "Сезіммен өмір сүр" ("Живи с чувством")
Бұл кітап өмірде қалыптасқан қағидалар мен дәстүрлі түсініктерді бұзады. Егер өміріңізден, әр күніңізден, әр сәтіңізден бақыт тапқыңыз келсе, кітапты міндетті түрде оқыңыз.