- Негізгі бет
- Көкжиек
- "Өзгеге емес –...
"Өзгеге емес – өзіңе өкпеле..."
Ақын, әдебиет зерттеушісі, ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздерін ұсынып көрмекпіз:
- Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
- Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
- Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
- Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.
- Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
- Мектептің жаны – мұғалім.
- Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.
- Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
- Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.
- Сөздің ең ұлысы – тарих.
- Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!
- Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.
- Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.
- Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
- Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.
- Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.
- Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.
- Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.
- Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
- Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.
- Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.
- Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!
- Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
Жазбаға "Қазақ афоризмдері" кітабы пайдаланылды.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: shymkent.gov.kz