- Негізгі бет
- Көкжиек
- Өзге туралы әрқашан...
Өзге туралы әрқашан жақсы пікірде болсаңыз...
Расында, дүниені қалай қабылдасаңыз – ол солай. Өзге туралы пікіріңіз өзіңізге қайтып келуі мүмкін. Біреуге жасаған жақсылығыңыздың да, жамандығыңыздың да өтемі болады. Парсы ақыны, философ, "кемел адам" дәрежесіне дейін көтерілген Жәлаладдин Румидің осы жөнінде айтқаны бар екен. Оқып, өзгеше ой түйіңіз!
Егер бір адам басқа бір адам туралы жақсы лебіз айтса, ол лебізі өзіне қайтып оралады. Шын мәнінде ол өзі туралы жақсы айтқан болып саналады. Бұл үйінің төңірегіне хош иісті раушан гүлін өсірген адам іспеттті. Төңірегіне қарағанда ол ылғи да жұпар шашқан әдемі гүлдерді көріп, үнемі жердегі жұмақта жүреді. Адам біреу туралы жақсы сөз айтуды өзінің қасиетіне айналдыруы керек. Егер ол осылай етсе, сол адамның сүйіктісіне айналады. Әлгі адам айтушыны ойына түсіргенде сүйікті адамындай еске алады...
Алайда басқалар туралы жаман нәрсе айтсақ, ол кісілердің жек көрінішіне айналамыз. Олар сені еске алғанда жылан-шаян естеріне түскендей тыжырынады. Егер күні-түні раушан гүлдер мен Иран бағын көру мүмкіндігің болса, жылан-шаян жүрген жерді кезетіндей, онда не жоғалттың?! Егер үнемі раушан гүлдер арасында жүргің келсе, барлық адамдарға дос бол. Ал егер барлығымен жаулассаң, көз алдыңда қиянатшыл дұшпандарың көбейеді де, жыланды алқапты кезіп кетесің. Салиқалы кісілер барлық адам баласын ұлтына, дініне қарамай сүйеді, барлығымен дос болады, бәрін де қайырымды адам санайды. Мұны олар басқалар үшін емес, өзі үшін істейді.
Ж. Жұмағұлов