«Маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» дейді. Ал досы кітаптар болса ше? Адамның кітап сөресіне, не оқитынына қарап та, кім екенін, қандай адам екенін тануға болады. Егер ел тануға, жер білуге құштар болсаңыз, әлем әдебиетіне ауыз саласыз. Ал қай елді тану үшін қандай кітап оқу керегі жөнінде мына туындыларды ұсынамыз.
БАСЫ
Латвия. Регина Эзера «Құдық»
Село оқытушысы өмірлік сынақтан өтуіне тура келеді. Ол ой үстінде жүреді, сезінеді, қарым-қатынас құруға тырысады – қиындықтар күйретпей қоймайды.
Румыния. Чезар Петреску «Патриархалды қала»
Румынияда соғыстан соң аласапыран басталды. Елін жау күйреткеннен кейін адамдар бұрынғыша өмір сүріп, өз-өздеріне келмек түгілі, күнделікті қарапайым тірлігін істеу мұң болды. Достары опат болып, қанша халық хабар-ошарсыз кетті...
Мексика. Карлос Фуэнтес «Артемио Крустың қазасы»
Артемио Крус төңкеріс жолында қаза болады. Атақ даңққа бөленеді, ұмытылады... Аңыз да, аңыз кейіпкері де өзімен бірге өледі. Бұдан былай «өзгеріс кезеңінің» қаһарманы жоқ. Шайқас алаңында ерлікпен қаза таппаған адамға бұл бейбіт те берекелі тірлікте орын жоқ.
Индонезия. Абдул Муис «Теріс тәрбие»
Индонезиялық жас отбасы көзді жұмып, ойланбастан батыс мәдениетіне бас ұрады. Ал ата-ана туған тілін ұмыт қалдырған балаларын ата-баба дәстүрімен тәрбиелейді. Өз шыққан тегіңнен аттасаң, түп-тамырыңды ұмытсаң, нағыз сорлы жанға айналасың. Кітап осыны ұқтырады.
Уругвай. Марио Бенедетти «Дамылдау»
Өз-өзіне жазылған хат. Ол бір ғасыр өмір сүргенде қандай нәтижелерге жетуге болатыны жайында жазылады. Өзіне жазылған хатты өмір сүрсе оқиды, оқыса – өмір сүргеніне көзі жетеді.
Оңтүстік Африка. Джон Кутзее «Масқаралық»
Атақ-дәрежесі аспандаған профессор студентпен кикілжіңге келгені себепті қызметінен айырылып, мал дәрігерлік емханаға еден жуушы боп жұмысқа орналасады. Кітап өткенін, болашағын, бар үмітін жоғалтқан адам туралы. Оның бойында өз дәрежесін сезінуден өзге түк қалмады.
Филиппин. Ник Хоакин «Үңгір мен көлеңке»
Қазіргі Филиппин тұрғындары өзіндік «менімен», ішкі руханиятымен, өркениетімен күреседі. Айналасын тілдік отарлар мен отарлаушы мемлекеттер қоршаған. «Үңгір мен көлеңке» туындысы да өзге кітаптар секілді өмірде барлығы жалған болып шықса, қалай өмір сүру керегі жайында жазылған.