"Маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын" дейді. Ал досы кітаптар болса ше? Адамның кітап сөресіне, не оқитынына қарап та, кім екенін, қандай адам екенін тануға болады. Егер ел танып, жер білуге құштар болсаңыз, әлем әдебиетіне ауыз саласыз. Ал қай елді тану үшін қандай кітап оқу керегі жөнінде мына туындыларды ұсынамыз.
БАСЫ
Грекия. Никос Казандзакис «Алексис Зорбастың адам сенгісіз саяхаты»
Бас кейіпкер, жазушы өмірін түпкілікті өзгертіп, істің адамы болуды шешеді. Ол Криттен көмір кен орнын жалға алады да, нағыз іспен шұғылдануға аттанады. Тағдыры оны бизнес жолында аямайды, бірақ «дәл қазір, дәл осы жерде» деген ұстаныммен өмір сүретін ерекше жаратылған жолдас береді.
Португалия. Жозе Сарамаго «Зағиптық»
Белгісіз қала тұрғындары жұмбақ зағиптық індетке шалдығады. Ол тым көп таралмауы үшін билік науқастарды қала сыртындағы бос ауруханаға, сарбаздар қарауына жібереді. Өз еркімен еріп келген сау әйелі бар көз дәрігерң аурулар қатарын құрайды.
Түркия. Орхан Памук «Стамбул. Естеліктер қаласы»
Стамбул ғажайып: тар да кішкене көшелер, осман виллалары, жазушылар, суретшілер, есуас тарихшылар... Елу жылда ел жаңарумен қатар, қала да өркендеді. Бұл «қаладағы суретші портреті» жөнінде және қала мен халықтың айрықша жолы жайында жазылған керемет оқиға.
Вьетнам. Апалы-сіңлілі Чан-Нют «Қола қанат»
Шенеунік Тан мен оның данышпан досы Дин оқиғасы. Олар астанадағы қауіп шегіне жеткен өзара соғыстарды зерттейді.
Дания. Питер Хёг «Смилла және оның ақша қар сезімі»
Ауқатты еуропалық пен эскимостың қызы жайлы шығарма. Мұнда ана тілінде қар сөзінің 200 белгісі жазылған. Копенгаген сиқыршы мен жолаушы қараңғы көшеде шындық іздеуде бірдей сандырақтайды.
Аргентина. Хулио Кортасар «Классикалық ойын»
Автор балалық ермекті болашақ үлкен өмірде ойнайды. Кітап кейіпкерлері де классикада ойнайды. Асфальттағы сызылған шаршылар орнына өмірдің өзі қолданылады, ал ойынға тігілетін бәс – бақыт.
Жалғасы бар...