Ой өндірісі: Хемингуэй, Брэдбери және Паустовскийлер кітап жазу жайында

Ой өндірісі: Хемингуэй, Брэдбери және Паустовскийлер кітап жазу жайында

Стивен Кинг  жазу үстелін қай жерге қойған? Эрнест Хемингуэй жалғанның жалғыз шындығын танып білді ме? Константин Паустовский блокнотты түкке де керегі жоқ деп неге айтты? Осының бәрін білгіңіз келсе....

 

Стивен Кинг, «Кітапты қалай жазуға болады. Өнер туралы мемуарлар»

Әлемнің ең әйгілі жазушысы бұл кітапқа жазу үстелінде басына келген ой-толғаныстарын, жадына түйген жазушылыққа тән сансыз сыр мен қымбат қасиеттерін зерделеп жазып кетуді мұрат қылыпты. Соңғы көлік апаты көп нәрседен хабар берген соң, атақты жазушы ақырғы және ақылды кітапты жас жазушыларға арнапты:

«Баяндау жазушылық қиялдан бастау алса, оқырмандық көзқараспен аяқталады».

«Менің сіздерден бар сұрайтыным – әрқашан жақсы жазуға тырысыңыздар».

«Бәрін мына нәрседен бастаңыз: кез келген уақытта жазу үстеліңізді бұрышқа қойып қойыңыз. Содан кейін барып өзіңізден «мына үстел неге ортада тұрған жоқ» -деп сауал қойыңыз. Өмір – өнер үшін тұрақсыз құрылым. Бәрі де керісінше...».

«Бетке айтқанның айыбы жоқ? Егер сіздің оқуға уақытыңыз жоқ болса, онда ғылымды игеруге де уақытыңыз жоқ деген сөз. Бәрі қарапайым».

Рэй Брэдбери, «Жазушылық өнердегі Дзен»

Бұл кітапта Рэй Брэдбери жазушылық тәжірибесімен бөлісіп ғана қоймай, сонымен қатар мамандығы бойынша да мағыналы ойларды ортаға тастайды. Және ең бастысы, бұл кітап даналық пен данышпандыққа, философияға бастап баратын жол:

«Шығармашылықтың бір ғана құпиясы бар – өз идеяңызға мысықтарға қарағандай қараңыз. Жай ғана артыңыздан ерсе болғаны».

«Тек қана ойыңызға ұшқырлық сыйлап, бойыңызға күш-қуат дарытатын кітаптарды оқыңыз».

"Бізге Шындықтан өлмеу үшін Өнер керек".

«Біздің мәдениет бір уақытта асыл қазынамен де, қоқыспен де толығады».

Энн Ламотт, «Құстардың тізбегі»

1994 жылы шыққан туындыда даналық негізі, түйсік пен таным арасындағы байланыс туралы әңгіме болады.

"Сіз біреуге әңгіме айтқанда оны таңғалдырғыңыз, тамсандырғыңыз келеді. Оқиғаларды шиеленістіріп, кейбір сәттерді әсірелеп жіберуге тырысасыз. Алайда, сол оқиғаның басыңыздан өткенін қаламайсыз...".

"Жазу мен оқу жалғыздықтан құтқарады. Өмірге деген көзқарастың көкжиегі кеңейіп, көңілдің қалтарыс-қатпары тереңдей түседі. Содан болар бойыңызға жаңа күш бітіп, өмірмен ойнағыңыз келеді. Ал ол дегеніміз дауылдан астында қалған кемемен бірдей. Алайда, сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Кеме ішіндегі жандардың сенімін қайрап, жігерін жани аласыз. Өз кезегінде кеме аман қалады...».

Стивен Прессфилд, «Белсенділік үшін соғысу»

Жазушы әрі сценарист Стивен Прессфилд қателердің алдын алуға болатын әдіс-тәсілдерін ұсынады. Аталған кітапта кез келген адам баласының жолына тұратын қорқыныш туралы, оның алдын алу туралы мәселелер қозғалады.

"Сіз қорқынышқа душар болдыңыз? Бұл жақсылық. Қорқыныш – бұл да өзіне сенімсіздік танытатын индикатордың басқа түрі. Ең бастысы, қорқыныш бізге не істеу керектігін айтады. Ең басты ережені есте сақтаңыз: жұмыстан қорықтым дегенше, сіз оны істеп тастадым дей беріңіз. Қарсылық пен қорқыныш егіз ұғым секілді. Егер біз бір нәрсені қолға алсақ және оған деген қарсылық туындаса – онда сізге керегі осы. Әрі талантыңызды ұшпаққа шығарады".

Константин Паустовский, «Алтын роза»

Атақты орыс жазушысы бұл кітапта жазушылыққа ғана тән керемет қасиеттер мен орын алатын ғажаптарды әңгімелейді. 

«Бір нәрсені ойға алу дегеніміз жай түскенмен бірдей. Егер қуатыңыз аздық қылатын болса, өліп кетуге де болады. Ал бірақ миға келген идеяны соңына дейін іске асырып, түбіне жеткізетін болсаңыз жаңа ұшқын пайда болады».

cурет:theoryandpractice.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига