- Негізгі бет
- Көкжиек
- Оскар Уайльдтің орамды...
Оскар Уайльдтің орамды ойлары
Ағылшынның классигі саналған Оскар Уайльдтың күрделі, қым-қиғаш ойлары өз оқырманын ойлантпай қоймайды. Оның сол кездегі ағылшын қоғамын ашық суреттеген"Дориан Грейдің портреті" атты әйгілі шығармасы әлем оқырмандарын тәнті еткен шоқтығы биік шығармалардың қатарынан ойып тұрып орын алады. Біз бүгін оқырмандарымызға жазушының тіршілік туралы тың ойларын ұсынамыз.
* * *
Бәрінен үйреніңіз. Ешкімге еліктемеңіз!
***
Өзіңмен өзің бол! Басқа рөлдер бос емес!
***
Бүгінгі таңда адамдар бәрінің бағасын біледі. Бірақ ештеңені бағалай білмейді.
***
Баланы жақсы адам етіп тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі - оны бақытты ету.
***
Мен біреуді қатты жақсы көрсем, оның есімін атамағанды жөн көрем. Бұл мен үшін өзіме ең қымбат адамды бөлшектеп басқаларға үлестіру сияқты сезінем.
***
Тек таяз адамдар ғана өзін терең түсіне алады.
***
Сұлулықтың артында әрдайым әлдебір трагедия жатады.
***
Пессимист - сәттілік келіп есікті қаққанда, есіктегі шуылға бола шағымданатын адам.
***
Ешқашан ұшпағаннан кейде құлаған жақсы.
***
Әйелдер түсіну үшін емес, сүю үшін жаралған.
***
Бақытты адамның бәрі жақсы, бірақ жақсы адамның бәрі бақытты бола бермейді.
***
Махаббат жайлы жазған тиімді, оған сұраныс көп. Қазір көптеген баспалар жаралы жүректердің арқасында күн көріп отыр.
***
Біз өз қатемізді "тәжірибе" деп атауға үйреніп кеткенбіз.
***
Адамдар "өмірдің ащы сынағы" деп қабылдаған жағдайлар көбінесе сәтсіздіктің бетпердесін киген жақсылық болып жатады.
***
Қорғауға тұратын жалғыз байлық бар, ол - жастық шақ.
***
Ғашықтық адамның өзін-өзі алдауынан басталып, өзгені алдауымен аяқталады.
Ж. Жұмағұлов