Орал қаласында елімізде мүлде жоқ ерекше кітапхана ашылды. Бұл жақтан тек қана бір тақырып төңірегіндегі кітаптарды оқуға болады. Бір тақырып деп отырғанымыз – баю, жақсы тұрмыс кешу тақырыбы. Бұл туралы uralsk.info сайты жазып отыр.
Ерекше кітапхананың иесі – жергілікті кәсіпкер Қалу Тоқтаболатов.
Тағы бір қызығы – бұл кітапханаға кіріп, рухани байып шығу үшін бір тиын да төлемейсіз. Қалу ағаның айтуынша, бұл оның сүйікті ісі екен. Оның үстіне жастарды оқуға осылай баулығысы да келетінін жасырмайды.
Оқырман залы – Қалу ағаның үш бөлмелі пәтері. Оқырмандар кәдімгі кітапхананың ережесіне сай, қалаған кітабын үйіне әкетіп оқи да алады.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: baiolke.com