Он жыл бұрын біз ата-анамызға бала едік, он жылдан кейін балаларымызға ата-ана болдық.
Он жыл бұрын біз туған жерден алысқа кетіп, әлемді шарлауды армандайтын едік, он жылдан кейін алыс-алыс жерлерде жүріп, үйге қайтуды армандайтын болдық.
Он жыл бұрын сен менімен бір партада отырып ең, он жылдан кейін бейтаныс жанның жары боп кеттің.
Он жыл бұрын ең қалжыңбас, ең күлегеш, ең бақытты адам сен едің, он жылдан кейін мінезі ең ауыр адам сен болдың.
Он жыл бұрын біз емтихан немесе бестік бағадан басқаны ойламайтын едік, он жылдан кейін емтиханнан, балдан басқа дүниенің бәрін ойлайтын болдық.
Он жыл бұрын ғашығымның маған қарап күлімсіреуін көріп тұратын ем, он жылдан кейін сенің құшағыңдағы сәбиге қарап күлімсірегеніңді көрдім.
Он жыл бұрын мен махаббатты мәңгілік деп, қосылу деп ойлайтынмын, он жылдан кейін махаббат жайында әңгіме болса, жымиып қана кетіп қалатын болдым.
Он жыл бұрын ғашықтық сезімнен қуат алатын ем, он жылдан кейін ол сезімдерге мүлдем ынтықпайтын болдым.
Он жыл бұрын жұлдыз дәрежелі сарайларды қатты армандайтын едім, он жылдан кейін сарай жайында қалып, бір бөлмелі баспананы армандайтын болдым.
Он жыл бұрын жұмыс істеуге, қызметке асығушы едім, он жылдан кейін мен уақыттан басқа барлық дүниені босқа шаштым.
Он жыл бұрын біз өмір мен тұрмысты ойын ретінде қабылдайтынбыз, он жылдан кейін өтірік пен ойынды өмір мен тұрмыс деп қабылдайтын болдық.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sc.com