Өмір сүруге шақыратын 10 кітап

Жаз – демалыс маусымы. Демалыс уақытында біріміз шетел асып саяхат жасасақ, енді біріміз достармен көңіл көтеруге жақынбыз, ал үшіншіміз кітап оқып қалуға тырысамыз. Үшінші нұсқаны таңдайтын оқырмандарымызға өмір сүруге құштарлығыңызды оятатын әлемнің ең таңдаулы кітаптарын ұсынып көрмекпіз.

1. "Бақбақ шарабы"(Рэй Брэдбери)

Он екі жасар баланың жарқын әлеміне еніңіз де, бір жазды онымен өткеруге тырысыңыз. Бұл жаз қуанышты және қайғылы, жұмбақ және таңқаларлық оқиғалар туралы. Жас баланың өмірінде ғажайып жаңалықтарды жаныңызбен сеніңіз. Рэй Брэдербидің "Бақбақтан шыққан шарап" ("Вино из одуванчиков") шығармасы – әлем әдебиетінің алтын қорындағы класикалық туынды. Шығарманың қайта-қайта оқи бергіңіз келетін кітаптардың біріне айналатындығына сенімдіміз.

2. "Аспан құрастырған атлас" (Горан Петрович)

Серб жазушысы Горан Петровичтің қаламынан туған "Аспаннан құрастырылған атлас" ("Атлас, составленный небом") шығармасы – бұл күнделікті тұрмыстан, саясаттан шаршаған адамның постмодернистік әлемінен хабар беретін манифест.

3. "Мулей" (Эрленд Лу)

Он сегіз жастағы Юлия бойжеткеннің ата-анасы соңғы хабарламаларын жолдап үлгереді де Африка көгінде ұшып бара жатып қайтыс болады. Ол енді Осло ауданындағы үлкен үйде жалғыз өмір сүреді. Қыз жергілікті гимназиядағы әуесқой театрлардың біріндегі қойылымдарға қатысады, құрбыларымен атқа мінгенді ұнатады және өзіне қол жұмсауды армандайды. Арманына қол жеткізсем деген алғашқы сәтсіз талпыныстан кейін норвегиялық қала оған тар болып көрінеді де әлем елдерін аралауға аттанады. Психологтың кеңесі бойынша күнделік жазуын жалғастырады. Сапар барысында  Брюссель және Бангкок, Париж және Канары, Лондон және Мадрид жерлерінде болып, соңында ұшақ штурвалына отырады.

4. " Менің достарым, менің махаббатым" (Марк Леви)

Көпшілік оқырманның ықыласына бөленген кітап "Махаон" баспасында жарық көрді. Автордың жаңа романы шынайы достық пен риясыз махаббат туралы. Яғни, кітапта жалғыздық, бөтендікті жеңе алатын, бақытты болуға жол ашатын сезімдер туралы айтылады. Кереметтей "жылы" кітаптың бізге айтар үндеуі: "Сүйіңіздер, сонда бізді қоршаған әлем де жаңарады!"

5. "Джонатан Ливингстон атты шағала"(Ричард Бах)

Сенерсіз, бәлкім, сенбессіз, Ричард Бахтың өмірбаяны туралы алғысөз немесе қорытынды сөз бірде бір кітабында кездеспейді. Оның қажеті де жоқ... Себебі, Ричард Бах туралы білгіміз келгеннің барлығы да оның кітаптарында жазылған.

6. "Асылған түлкілердің орманы" (Арто Паасилинна)

Тәжірибелі қылмыскер адам шошырлық ұрлық жасайды да, сүттен ақ, судан таза болып шыға келеді. Есесіне бар кінәні сыбайластары өз мойындарына алады. Ұры оларға олжаны бөлісуді уәде еткендігімен пендешілікке салынып бір сандық алтынды Лапландия ормандарының біріне жасырады да өзі ізін суытады. Құпия мәңгілікке ашылмайтындай болып көрінгендей еді...

7. "Жәй ғана бірге" (Анна Гавальда)

Еуропалық кітапсүйер қауымның жүрегін жаулаған кітапты орыс тілінде оқи аласыз. Таңдай қақтырар және ақылды кітап махаббат, жалғыздық, өмір, бақыт туралы сыр шертеді. Анна Гавальданың екінші романы тарихқа, күлкіге, көз жасқа, сәтсіздіктер мен жеңістерге толы. Кітап көптеген әдеби сыйлықтарға ие болып, 36 тілге аударылу үстінде және кітап желісімен фильм түсіру жұмыстары басталып кетті.

8. "Ешқашан болмаған Мен" (Майгулль Аксельссон)

Бұл қыздың ешқашан есімі болмаған. Дұрысы, бірден екі есімі болды. Әкесі оны Мари деп атаса, анасы Мэри деп шақыратын. Оның ақылгөй достары шығарма жазу жөнінен ұлттық сайыста бас жүлдені жеңіп алады да қызға МэриМари деген ат тағады. Алайда, кермет мансапқа жетіп өз өмірлерін құруға бет алған бұл жастардың бірі де МэриМаридің екі аты емес, екі өмірі бар екендігін мүлде білмейтін. Бір өмірде министрлікте жұмыс істейтін ақсүйек ханым болса, екінші өмірінде күйеуін өлтіргені үшін түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер. МэриМари өзін іздейді, махаббатын іздейді...

9. "Өмірге қош келдің, Балақай!" (Фэнни Флэгг)

Ф.Флэггтің "Өмірге қош келдің, Балақай!" атты романы ең өтімді, ең танымал шығармаларының көшін бастап тұр. Америкада оған "жыл кітабы" деген атақ берілген. Фэнни Флегг осы кітап арқылы американ класиикалық әдебиетін жалғастырушы ретінде танымал болды.

Элмвуд-Спрингс аталатын шағын ғана қалашықта кішкентай ғана сүйкімді қыз өмір сүреді. Елдің бәрі оны Балақай деп атайтын еді. Бір күні анасы мен қызы қаланы тастап қашып кетуге мәжбүр болады. Себеп белгісіз. Арада отыз жыл өткеннен кейін қыз биік мансапқа жетіп, телевидение саласын бағындырады. Осындай сәттіліктердің арғы жағында баз баяғыдай қорқақ, қорғансыз Балақайдың бар екенін ешкім де білмейді. Өткеннің трагедиялық құпиялары қызға маза бермейді. Ол қандай құпия?

10. "Сәттіліктің жеті құпиясы. Үміт тарихы" (Ричард Вебстер)

 Шағын ғана повесть жай ғана әдеби шығарма емес. Мұндағы қарапайым және түсінікті заңдар сіздің өміріңізді түбегейлі өзгертіп жіберуі әбден мүмкін. Олар төмендегідей:

– Кешегі күн ендігісі өтіп кетті.

– Ағашты және барлық тіріні аймала.

– Өз алдыңа лайықты мақсаттар құр.

– Жақсы мүмкіндіктер барлық жерде бар.

– Батыл бол.

– Өзіңе сен.

– Өзгелерге сен. Өзіңіді де, өзгені де кешіре біл.

Бұл сөздердің мағынасын кітапты оқығанда ғана түсіне аласыз.

 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: read.ru, selfire.com