Өлеңді қалай тез жаттап алуға болады? Осы сұрақ төңірегінде оқырманға кеңес бере отырсақ.
* * *
1 қадам: Өлеңді тез жаттап алу үшін дауыстап оқу қажет. 2-3 мәрте қайталау.
2 қадам: Оқу барысында өлең ішіндегі ұғым түсінікті енгізіп, сол сәтті елестетуге тырысыңыз. Аз да болса, бір көрініс орнайды немесе сұлбасы қалады.
3 қадам: Өлеңді оқу барысында сөздердің түсуіне (олардың формаларына), мезгіл, уақытына үңіліңіз.
4 қадам. Қағазға түскен өлең жадыда жақсы жатталып қалады. Қайтара дауыстап оқыңыз. Қайталап айтам, осы бір қадамды ұмытып кетпеңіз, өйткені, ең қажеттісі - осы.
5 қадам: Өлең жаттау қиынға түсіп жатса, бірнеше шумақты бөліп алып, жаттап көріңіз. Қажет кеңес.
6 қадам: Қағазға түскен өлеңге қарап жаттаңыз. Бірінші, екінші жолды бір қайталап алыңыз да, көзіңізді жұмған қалпы қайталап көріңіз. Сосын, үшіншісі, төртіншісі... Бәрін бірден жаттап алу мүмкін емес, бір-екі шумақтан қосып отырыңыз.
7 қадам: Кейде өлеңнің арнаулы бір жолдары есте қалмай жатады әрі ұмытып қала бересіз. Бұл үнемі қайталанып тұратын жағдай. Ол үшін қолыңызға қаламмен шумақты бастайтын сөзді жазып алыңыз.
8 қадам: Осы бір әдіс-тәсілдер арқылы жаттықпаған адамның өзі бір бетті бір сағаттың ішінде жаттап ала алады. Егер сізді бір нәрсе мазалап, кеудеде түйіліп тұрғандай болса, онда әлгі жаттап алған өлеңіңізді айтуыңызға болады. Өлең есте жақсы сақталуы үшін ұйқыға жатарда 20 минутты қайталауға жұмсаңыз. Сосын, таңертең бір-екі рет қайталап тұрыңыз.
* * *
Сосын, айтпақшы, қайғылы, ауыр мұңды өлеңдерді жаттауға асықпаңыз. Уақытыңыз кетпейді, уақытыңызды тартып алады. Өз бақытыңыз өлеңнің құрбандығына айналып, өз уақытыңыз бір өлеңнің кесірінен босқа өтіп кетпесін...
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет:toeicandyou.tistory.com