Нобель сыйлығын әдебиет саласында алғашқы болып Арман алған!

Бүгін Стокгольмде Нобель сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Дәстүрлі түрде өтіп отыратын осынау салтанатты кеш швед өнертапқышы Альфред Нобельдің туған күніне орай өткізіліп келеді.

Ең алғаш рет әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын Сюлли-Прюдом алған екен. Ол уақытта жазушы өз атын өзгертуге мәжбүр болған көрінеді. Әйтпесе, жазушының туғанынан шын аты - Рене Франсуа Арман Прюдомм болған.

1839 жылы Париж қаласында туылған жас таланттың ерте кезден-ақ атақ-даңқы шарықтап кете берген. 1865 жылы шыққан «Stances et Poémes» тұңғыш жинағы ешкім күтпеген танымалдылықты алып келеді.

Сонымен Сюлли-Прюдом Нобель сыйлығын әдебиет саласындағы мына еңбектері бойынша иеленген:

"Әдебиеттегі орасан құндылық үшін; жоғары идеализм мен шығармашылықтағы айқындылық үшін; жүрек демін алар жандылығы мен тұма талант иесі болғандықтан!"

Бір қызығы, Альфред Нобельдің өз атына сыйлық ойлап табуына не түрткі болды екен?.. Өз некрологы! 1888 жылы көптеген газеттерде жалған ақпаратпен Нобельдің өлгендігі туралы "Саудагер өз өлімімен өлді" деген мақала шығып кетеді. Міне, осыдан барып атақты ғалым адамзаттың есінде қалу үшін ойлана бастаған.

сурет:mediabenews.wordpress.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек