- Негізгі бет
- Көкжиек
- Наполеон Бонапарттың қанатты...
Наполеон Бонапарттың қанатты сөздері
Наполеон Бонапарт – жарты әлемді жаулаған тарихи тұлға. Оны саяси қайраткер деп қана емес, ұлы қолбасшы, соғыс өнерінің білікті маманы ретінде де тани білуге тиіспіз. Оған Наполеонның «Соғыс өнері» атты еңбегі түйткі бола алады. Сіздерге ұлы француз қолбасшысының сол аталған еңбегінен алынған қанатты сөздерді ұсынамыз.
- Бір опасыз бухгалтер бір армиядан да қауіпті.
- Менің шынайы жетістігім 40 шайқасты жеңіп шыққанымда емес (Ватерлоо қақтығысын қоспағанда), өз азаматтық борышымды орындағанымда.
- Байлық – қазынаны иемденуде емес, оны дұрыс игеруде.
- Мен кейде түлкі, кейде арыстан кейпінде боламын. Маңыздысы қай кезде қай кейіпке ене білуде.
- Арыстан бастаған қойлар тобы қой бастаған арыстандар тобын қашан да жеңе алады.
- Саяси қайраткердің жүрегі басында болуы керек.
- Сен менен биік емессің, сен менен ұзынсың.
- Орыстарға шабуылдасаңыз, татарларға тап боласыз.
- Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.
- Мен – француз төңкерісімін.
- Өз әскерін қамдандырғысы келмейтін халық, жуырда өзге біреудің әскерін тамақтандырады.
- Соңғы сөз әрқашан ортақ пікірге ұласуы керек.
- Дінсіз қоғам компасы жоқ кемемен тең.
- Егер менің армиямның құрамында казактар болғанда, мен бүкіл әлемді жаулап алар едім.
- Генерал сіз менен ұзын екенсіз. Егер артық әңгімеңіз көбейсе, мен балансты теңгере аламын
- Біреудің ақымақтығы бізді ақылды етпейді.
- Алдымен үлкен шайқасқа еніп алу керек, сосын барлығы айқындала түседі.
- Түріктерді өлтіруге болады, бірақ жеңу мүмкін емес.
- Журналист – бұл қаламмен еңбектенетін көше сыпырушысы.
- География – бұл тағдыр.
- Мүмкін емес – бұл ақымақтардың сөздігінде қолданылатын сөз.
- Көп сөйлейтін адам көпті де жасай алады.
- Соғыс өнері – бұл жоспарланған және ескерілген тәсілдердің орындалуы.
- Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңыра, рух қылышты жеңуі тиіс.
- Сұлу қыз көзге ұнаса, мейірімді қыз жүрекке. Бірі қымбат зат болса, екіншісі баға жетпес қазына.
- Адамға билік бер, сосын оның кім екенін білесің.
- Әскери өнердің құпиясы керек уақытта керек жерде жауыңнан мықты болуда болып табылады.
- Отанға деген сүйіспеншілік – өркендеген адам баласының бірінші артықшылығы.
- Ресейде жол жоқ, тек бағыт қана бар.
- Қоғамның әйелдер секілді бір ғана құқығы бар: ол басқарылуға бейім болу.
- Бір нашар қолбасшы жақсы екеуінен де артық.
- Кеңес беруші емес, соғысты өз міндетіне алушы жеңіс тұғырына жетеді.
- Мені жаман хабар келсе ғана оятыңдар, ал жақсы хабар болса – жоқ.
- Уәдені орындаудың ең дұрыс жолы – уәдені бермеу.
- Тақ – жәй ғана өрнектелген орындық.
- Төменге түсіп бара жатқанда емес, жоғарыға жүріп бара жатқан кезде аялдауға болады.
- Аз қателік жіберген адам ғана ұлы қолбасшы бола алады.
- Орыстар «жеңілмес» деген атауға лайық ұлт.
- Егер қас жауың қателікке ұрынса, оған кедергі болмау керек. Бұл айбындылыққа жатпайды.
- Бір-бірін алты айдан кем білетін жұпқа үйленуге рұқсат бермеу керек.
- Конституциядағы заңнамаларға толықтырулар енгіземіз: «Қысқа және түсініксіз жазыңдар».
- «Мүмкін емес» - бұл французша сөз емес.
- Сізбен келіспейтінтерден емес, сізбен келіспей, бірақ айтуға батылы бармайтындардан қорқу керек.
- Сіз өз достарыңыздың қандай екенін білгіңіз келе ме? Ол үшін бақытсыздыққа ұшыраудың өзі жетіп жатыр.
Тағы да оқи отырыңыздар:
Роберт Кийосакидің қанатты сөздері
Габриэль Гарсиа Маркестің өмірінен 9 дерек
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет:www.napoleonguide.com
Ж. Өрісбай