Мына орындыққа отырған сәтте кітап оқып кетесіз

Мына орындыққа отырған сәтте кітап оқып кетесіз
Фото: vk.com

Бірнеше уақыт бұрын Лондон қаласындағы саябақтардың бірінде классикалық әдебиет өкілдері мен кітаптағы қызықты сюжеттердің, әдеби кейіпкерлердің суреттері бейнеленген ашық кітап түрінде әдеби орындықтар пайда болды. Әдеби кейіпкерлердің қатарында – Питер Пен, Шерлок Холмс, Маугли, Джеймс Бонд және т.б. бар. Осынау әдемі әрі сәнді орындықтары бар саябақта серуендеу балаларды ғана емес, ересектерді де ерекше қуантты.  

Бұл көше арт-жобасының идеясын жұртшылықтың кітап оқуған деген құлшынысын арттыру мақсатында Ұлыбритания Ұлттық сауаттылық қоры өкілдері ойлап тапқан.

Олар мұндай әдемі, тың бағытта жасалған, әдебиет қаһармандары бейнеленген әдеби орындықтар қала тұрғындары мен келуші қонақтардың қызығушылығын һәм әдебиетке деген махаббатын оятады деп үміт артқан. 


Расында да халықтың қызығушылығын туғызатындай дүние. 

Үлкен дүниелер кішкентай қадамдардан басталатыны белгілі. Ағылшындардың тәп-тәуір идеясы біздің елде де жалғасын тапса дейміз.

Ж. Жұмағұлов