Моянның жаңа кітабы алдын ала базарға салынды; Моянның шығармаларын шығару құқығы жөнінде қиян-кескі талас басталып та кетті; Оның туған ауылы қызыл кәулен мәдениетін сәулелендіру үшін 100 миллион доллардан астам қаржы қоспақшы болып отыр; Жазушымен келісім-шартқа отырған компания жарна базарына шығуға дайындалуда; Моян зерттеу қоғамына телефон соғатындар толастамады; Олардың барлығы зерттеу қоғамының мүшесі болғысы келетіндер; Ел ішіндегі бірнеше университет Моян әдебиет сарайында практика базасын құру жөнінде кеңесуде; Моянға Пекиннен саяжай ұсынбақшы болған кәсіпкерлер де бар...
Моянның жылдық кірісі 31 миллион доллардан асуы мүмкін. Бұлай болғанда ол Қытай жазушылары ішіндегі ең бай қаламгерге айналары даусыз.
Моянның алғашқы зор кірісі Нобель сыйлығы болып, ол 1 миллион 200 мың долларға ие болған. Ал Қытай үкіметінің жекелер кірісінен алынатын бажы заңында «Халықаралық ұйымдардың ғылым, мәдениет саласындағыларға таратқан сый ақысынан бажы алынбайды» деген белгілеме бар.
Мұның көпшілігі Моян шығармаларының басылым бажысынан келетін ақша болып отыр.
Демек, Моян әлемдегі ең қалталы қаламгерлер қатарына енді.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: izvestia.ru